Еркектер полигамды болады дейді. Бұл сөздің қаншалықты рас екенін білмеймін. Өйткені менің басыма еркек болу жазылмаған, сондықтан олардың ойларын ешқашан түсіне алмаспын. Бірақ әйелге де, еркекке де тән ортақ адами қасиеттер бар ғой, мысалы - жауапкершілік пен адалдық.
Бәлкім, жүректе бір ғана сезім болмайтын шығар (оның жүректе не басқа жерде болатынынан бейхабармын). Тіпті мың сезім болғанның өзінде, жауапкершілік пен адалдық дара болып алдыңғы шепте тұратындай. Бастаған ісіңе адал болу, қарым-қатынаста адал болу, бәрін қойшы, өз арыңның алдында адал болу парыз ба деймін. Менің түсінігімде, егер О дүние бар болса, Құдайдың бірінші сұрары сол арыңның тазалығы.
Осы жауапкершілік пен адалдықты бойына сіңіре білген адам басқаларға қадірлі адам болады деп ойлаймын. Сол уақытта жөнсіз қызғану да, түсінбестік те, сенімсіздік те жойылар еді...