"Екі деген егіз сан аман болса..."

«Екі жүз күн сені іздеп «өлгенімді» Екі күнге сыйғызып айтып берем...» 

Иәәә, ақын Индира Кереева да осылай айтқан менім күйімді кешкен шағында... Мендей жүрегі, жаны жалғыздықтан жылағанда... безінгенде мынау қатыгез әлемнен... қара суықтан қалшылдағанда... жанарындағы жасын тыя алмағанда... бұл сезім біреуге таныс бәлкім, біреуге мүлдем «алыс» оның ауылы... жақындатып та керегі шамалы шығар... Тірі өліктің күйін кешкеннен, ешкімді де, ештеңені де ойламай жүрген жақсы-ау дейсің...адамдар ғашық болуға тырысады, аңсайды махаббатты, сүюді, сүйікті болуды аңсайды, асығады ...біреуге керек екенін сезінуді..алаңдауды, уайымдауды сол жанды, сол үшін өмір сүруді аңсайды... Аңсайды да аңсарына аттанады... кенеттен кезігеді... жүрек шіркін, алқынып, кеудеңді отқа орап, назарыңды сол жанға аударып, барлық әлемді бір сәтте «бір адамдай » көрсетеді... бұл уақытқа дейін онсыз қалай өмір сүргенмін дейсің?! Қалай мен оның дауысын естімей ұйықтадым, қалай менің оны ойламай тамағыма ас батты, қалай мен оның қолынан ұстамай, қалай мен оны көрмей... Қалай мен оның иісінсіз демалдым, қалай ауа жұттым?! Күлкілі емес пе ия?! Тосыннан келген сұрақтарға жауап таба алмассың...Енді ғана өмірге келгендей күй кешесің...күйбең тіршілік жанымды «күйдіріп» болған екен ғой дерсің... бұрынғы жүректегі күрсіну, ғашықтықтың дүрсіліне алмасады...қуанасың, шаттанасың, құдды бір мына әлем саған оң көзімен қарай бастағандай... бұрынғы қатыгез өмір деп «қарғағаныңа» ұяласың, қателескен екенмін-ау, мүлде олай емес екен-ау дейсің...көзімді шел басқан екен, көрмеген екенмін ештеңені дейсің... кім үшін жаратылғаныңды сезінгендейсің...ғашығыңа ұнауға тырысасың, содан-ақ басталады керемет махаббаттың хикаялары... толассыз тосынсыйлар, қуанышқа бөлейтін қоңыраулар, сағыныштың смс-тері... агенттің қызарып жүрегіңді жарып шыққан жүрек статусын айтпай кетуде ұят енді... блоктар керемет, керемет...суреттерің бірге түскен бақытты сәттерде...барлығы бақыттың бастамасындай... өмірлік бақытыңды тапқандайсың...

Бірақ, байқайсыз ба, Өмір өтіп барады, қызық иә, сонымен бірге махаббат та өтіп барады..... жай ғана өтіп бара жатырған жоқ ол, жаныңа жара салып... жүрегіңді қақ айырып... ғашығың кетіп барады өзін сол жүректен суырып алып.. өзгенің жүрегіне салмақшы «өзін».. сенің махаббатыңның «арына» дақ түсірмекші... қалай шыдайсың? Бұл сұрақты қоюуымда ұят шығар мүмкін, шыдай аласың ба осыған? Әлем саған теріс айналды...ғашығыңда теріс айналды... «тамырыңа балта шапты»...тынысың тарылды иә... жылайсың, жалбарынасың Жаратқанға.. күндіз күлкіден, түнде ұйқыңнан айырылдың..көзіңді жұмсаң көз алдыңа келеді бейнесі, ұйықтасаң түсіңе кіреді.. Оянсаң елестейді.. не істеу керек мұндайда? Қалай құтыласың... жолы бар ма мұның?жан жарасы жазыла ма?

Бауыржан Қарағызұлыша:

«Сен жүрген көшемен жүрмеймін,

Сен барған тойға да бармаймын,

Даусыңды сағынып үнемі 

Қоңырау шалмаймын» дейсің... Өзіңнен, өз өміріңнен қашасың...  қарғыс атсын сені көрген күнді... сені ойлаған сәттерді, сені сүйген ерінді... бәрі құрысын... лақтырдың... тастадың... өзіңше бір бәрін ұмыта алатын адамша жасадың.. бітті дедің... жұмдың көзді, ұйықтағандай болдың...таңертең өзің бір жаңа образ жасап алдың... ешкімді сүймейтін, мейірімі жоқ қатыгез адам... бірақ, жүрегінің түкпірінде біреуі бар, сосын болашақтан «мәңгілік махаббаттан» үміті бар... көшедегі қол ұстасқан ғашықтарды көргенде бұлар біз екеуміз болғанда ғой дейсің кейде, бірақ тез ойыңды жинап аласың, еске түсіріп керегі не... тағдырыңа қарсы шыққың келеді бірақ... иәәәәә, оооосымен тағы да алғашқы қалпыңа енесің,,күйбең тіршілік сол баяғы...сағаттар жылжиды, минуттар сырғиды... жалғыздық... «жалғыздығы бар» жалғыз адамсың... біреуді ойлаудан қорқатын адамсың... бірақ бұл мәңгілік емес..мойыма, жасыма ,жасқанба! Күтеді сені шынайы махаббат...күтеді сені ғашығың, асылың... сезіміңді сезінетін адамда сені іздеп жүр... табыстырады тағдыр... Жаратқанның маңдайыңа жазғаны бар...жәй ғана күте біл...төзе біл..бақ құсың қолыңа қонады..мүмкін кеш, мүмкін ерте...Шахановша айтсам: «Екі деген егіз сан аман болса Сенің жалғыз қалуың мүмкін емес...»

Бәріміз бақытты болайық! Себебі, әрбір адам бақытқа, бақытты болуға лайықты! Маэстро музыку )))



Бөлісу: