Ежелгі өнер түрі - Мозаика

Ежелгі өнер түрі - Мозаика
жеке
блог

 

    Мозаика - байырғы өнер саласының бірі. Ол шыны немесе смальта секілді бұйымдардың сынықтарынан құрастырылған сурет түрі. Ежелгі Мысыр перғауындары заманында патшаның маскалары, тақ-орындықтар мен жерге дейін асыл тастар сынықтарынан құрастырылып жасалған. Тіпті Тутанхамонның мүрдесін ашу барысында бөлмедегі тақтың асыл тастар сынығымен әшекейленгені мәлім болды.

   Түркістан қаласында тұрғызылған Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде мозаика кеңінен пайдаланылған. Қазақстанда монументті-сән өнерінің қанат жаюымен байланысты XX ғасырдың 60 – 70 жылдары мозаика кеңінен қолданыла бастады. Техникалық орындалуы тұрғысынан сәтті туындылар қатарына М.Кенбаев пен Н.В. Цивгинскийдің “Қазақстан кинотеатры фойесі” (1971, Мәскеу), Е.М. Сидоркин мен Г.И. Дандерфердің “Алматы музыкалық колледжі үйіндегі бедерлі мозаика” (1969 – 70), М.Кенбаевтың “Қазақстан” дүкені алдындағы, С.Қаракөзовтың Алматы эстрада-цирк колледжіндегі мозаика туындыларын жатқызуға болады.

   Бүгінде барлық елдерде кеңінен таралған бұл өнер дамып, шарықтау шегіне жетіп отыр. Қала көшелері мен ауланы мозаикалау тіпті сәнге айналып бар жатыр. Сынықтармен бедерленген үй қабырғаларындағы суреттерді көрсеңіз мозаика екенін біле жүріңіз!