“Өмірді қалай дұрыс сүру керек?”, “Шынайы бақытқа қалай жетуге болады?” деген сұрақтар Сократ, Эпиктет сияқты грек философтарын жиі алаңдатқан. Бұл тұлғалар стоицизм атты философияның дамуына зор үлесін қосты. Толыққанды өмір сүруге көмектесетін, тек теория ғана емес, практиканы да талап ететін философия осы мақаланың тақырыбы болмақ.
Cтоицизм барлық адамның өмірінде кездесетін қиындықтар мен қайғылы жағдайлардан, депрессия, мазасыздық пен жалғыздықтан шығу жолдарын қарастырады. Бұл философияны ұстанатын адамдардың басты мақсаты – адамгершілігі мол, рақымшыл жан болу. Олар қандай жағдай орын алмасын әділеттілік пен шындықты алғашқы орынға қояды. Мәселен, Рим империясына даңқ пен өркендеу әкелген бес императордың бірі Марк Аврелий – танымал стоиктердің бірі болған. Ол биліктің жоғарғы органы – Сенатты құрметтеп, сот жүйесіне көп көңіл бөлген. Оған қоса, император стоицизм жақтаушысы болды. Дегенмен өзінің философиясына қарсы келетін идеология - эпикуреизмнің Афина қаласында қарқынды дамуына кедергі болған жоқ. Керісінше қолдап, өз үлесін қосты. Неге десеңіз, ол стоиктердің ережелерін ұстанып, ақылмен ойлап, харекет қылуға тырысқан. Марк Аврелийдің осыдан 19 ғасыр бұрын, стоицизм қағидалары негізінде айтылған сөздері, әлі күнге дейін өзекті. Мысалы, “Адам кез-келген жағдайда табиғатынан әділ болуы керек” деген қанатты сөзі стоиктердің басты ұранын баяндап, қазіргі жемқорлық сияқты мәселелердің шешіміне тұспалдайды.
Сонымен қатар, стоицизм адамға сезімдерін тізгінде ұстап, сыни тұрғыдан ойлауға, өмірдегі өзгерістерді дұрыс қабылдап, түсінуге үйретеді. Американдық биолог, қазіргі заман стоиктерінің бірі Массимо Пильюччидің айтуы бойынша, адамдарды эмоция арқылы басқарған жеңілірек. Ол бұл тұжырымды өзінің “How to be a stoic?” кітабында 2016 жылы Стамбулға теракт кезінде барған сапарын мысалға келтіріп түсіндіреді. Массимо Пильюччи бұл сапарында саяси толқындардың үстіне түскен. Нәтижесінде, стоиктердің “бақылау дихотомиясы” ұғымын өмірлік тәжірибе арқылы түсініпті. Ол террористік акт пен саяси мәселелердің көпшілікке әсер еткенін көріп, қайда барса да адамдардың қорқынышын, уайымын сезген. Дегенмен американдық биолог әскери төңкеріс пен жарылыстарға қарамастан, стоицизмнің басты талаптарының бірін естен шығармай, сабырлық сақтайды. Оның айтуынша, кейбір жағдайлар бізге тәуелсіз, кейде жоспарларымызға қарсы орын алып жатады. Сыртқы факторлар жағдайды біз күтпегендей өзгеруі мүмкін. Бұл бақылау дихотомиясы деп аталады. Бірақ ондай кезде күшті, біз әсер ете алатын дүниелерге жұмсаған маңызды.
Мүмкіндігі шектеулі, психологиялық аурулары бар адамдарға да стоицизм көмектесе алады. Ежелгі грек философы – Эпиктет жас кезінде құл болған. Сол жылдары аяғын сындырып, өмір бойы ақсақтап жүруге мәжбүр болады. Алайда ол басқа адамдар сияқты ақсақ аяғына бола уайымдаған жоқ, керісінше мүмкіндіктерін қарастырып, ары қарай өмір сүре берген. Оның ойынша, денеміздегі кемшіліктер физикалық тұрғыдан бізді шектесе де, санаға, ойлау қабілетіне ықпал етпейді. Қазіргі кезде стоицизмді ұстанып жүргендердің бірі американдық профессоры Ларри Беккер. Ол бала кезінде ауырған полиомиелиттің(орталық жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру) салдары өмір бойы қиындық туғызған. Ларри Беккер бұл дертке қарсы вакцинаның пайда болуына дейін 1952 ауруды жұқтырған. Алғашында қол-аяғын қозғалта алмай сал болып, тіпті арнайы құрылғы арқылы ауа жұтқан. Уақыт өте келе қайта жүріп үйренсе де, қолымен жұмыс істеу қиындық тудырған. 1980 жылы жағдайы қайта нашарлай бастаған кезде Ларри Беккер ауруы жайлы тіс жармай, университеттегі жұмысын жалғастыр. Жұмысына азырақ барудың тәсілдерін іздеп, барынша ауруын жасыруға тырысқан. Дегенмен көп ұзамай, психологтың көмегімен "ауруын мойындау" деген мәселенің қарапайым шешеміне келеді. Мүгедектер арбасын алып, университетке баспалдақтарға пандус орнатуды ұсынып, өмірін өзгертеді. Ларри Беккер алғашында ауруына өз-өзін шектеуге жол берсе де, стоиктерге тән шешім қабылдап, мүмкіндіктеріне көбірек көңіл бөлді.
Қорытындылай келе, стоицизм жан тыныштығы мен эвдемонизмнің, яғни бақытты өмірдің кілті бола алады. Мақалада талқыланған мысалдар тек бастамасы ғана, себебі бұл философия өмір мәнінен бастап, күнделікті, қарапайым мәселелердің шешімдеріне дейін талқылаулар жүргізеді.
Дереккөздер:
Массимо Пильюччи/2017/Как быть стоиком?
Марк Аврелий
https://24smi.org/celebrity/7335-mark-avrelii.html
Марк Аврелий — цитаты
https://citaty.info/man/mark-avrelii
Мұрат Қымбат