Еххх, Қазақ...
блог
Қазақ десең өзіңе тиеді - таныс сөз бе? Көптеген адам қолданады. Қандай кезде? Әрине өзіміз бірдене бүлдірсек... Бірақ, біз қазақ не бүлдірмедік. Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені тірідей жол шетіндегі әжетханаға Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда тұратын 21 жастағы әйел тастап кеткен. Кішкентай ғана дүниеге келген сәбиді терезеден лақтырамыз. Кішкентай баланы ойнату үшін анасы 1 қабаттан далаға лақтырады, әкесі қағып алады. Тойда көңіл көтереміз деп қара бет боп билейміз. Ардагерді ұрып соғамыз. Кішкентай балаға қол көтереміз. Ұстаз болып оқушыларды ұрамыз. Оқушы болып ұстаздарға қарсы шығамыз... Осы жерден тоқтай салғаным дұрыс ааау?! Ары барсам оқуғада жүрек бармай қалар.
Бәрі өзіміздің Қазақтың істеп жүргені. Әр жерде ұрыс керіс, шусыз болмайды. Ол анық. Бірақ, сол болған жағдайды не үшін соншама басымызға көтеріп шулатамыз? Жаман жағдай орын алдыма? Кінәлі адамды тауып бірден жазалау керек. Оны шулатып бір қуанғандай барлығына жария етіп эфирден шығарамыз. Онымен қоймай барлығымыз инстаграмм бетін шулатамыз. Егер халықтың қолдауы керек болса салайық, жария етейік. (жақында Маржан есімді қыздың проблемасы шықты, оны салдық ол дұрыс, халықтың қолдауы керек) Қытайда тұратын қазақ досым, Ресейлік блогер достарым хабарлама жазды: шынымен осындай жағдай болған ба сендер де? басқа басқа қалай ғана ондай жағдайға барып өз баласын лақтырып жібереді. т.б. Оларда мұндай жағдай болмайды емес болады, бірақ біз сияқты шулатып тұрып жария етпейді. Өзге ұлттар мұның барлығын көріп: Еееее қазақ деген осындай екен ғой деген ойға келеді.
Шыны керек көпке топырақ шашқаным емес бірақ көбіміз біреуді масқаралағаннан басқа түк білмейтін сияқтымыз. Көзіме түсіп жүрген біраз әлеуметтік желілерді біраз топтар бар. Мүмкін соларды жауып тастармыз? Көліктің терезесінен лақтырылған баланы видеоға түсірген. Оны әлеуметтік желіге салмай бірден ішкі істер бөлімшесіне апаруға болмаспа еді? Ұстаздар оқушыға қол көтерді. Оны таратпай нақты шешім қабылдайтын адамдардың қолына неге бермеске? Қазір біз не істесекте өзіміз істейміз, сосын өзіміз кінәлі бола салмаймыз, біраз уақыт кінәні басқа біреуден іздейміз, болмай жатқан жағдайда өзімізге аламыз. Осындай Қазақстандық керемет сайттар бар. Соларға кіріп жақсы нәрселерді оқып, неге алдыға қарай жылжымасқа? Айтарым, жеті рет өлшеп бір рет кес деген. Не істесекте ойланып барып істейік...