Еһ, солай болса ғой...

   Ұялы телефонымның үні өшкеніне екі тәулік өтті. «Қожайынының» салғырттығы ғой, әйтпесе қуат көзіне қоса салу сонша қиын болып па?

   Жарайды, солай-ақ болсын.  Тынышталайыншы бір. Ол да тынышталсын ( Бейшара демалысты дегенді білмейді, өзі J ).  Мені ешкім іздемесе ,  жоқ деп санаса екен...Беймезгіл уақытта қоңырау соғып, халімді сұрамаса екен...Қысқа ғана хабарлама жазбаса екен... Және сол СМС-де «ласковый» сөздерді қолданбаса деймін...ММС-пен сурет жіберемін дейсің бе? Оны қайтемін? Дұрысы, әуреленбесе екен...Есіне түскенде қоңырау шалып, барлық жаңалықтарын жинап алып, хабарласпаса  екен. Себебі, анализ жасау тым қиынға соғады. «Саған келе жатырмын, қыдырып қайтамыз» демесе ғой...Шақырылған жерге кешігіп жатсам,  «қайда жүрсің?» деп  ашуланып, жүйкесіне зақым келтіретіндер азайса екен...Қазақстанға келген аз уақытында «кездесуге келмедің» деп  жазаламаса...Таныс-тамырлардың тапсырмасы нормадан шығып, қайта-қайта мазаламаса екен...Не в то время қоңырау шалынса да, саусақтарым "қызыл кнопка"-ны баспаса екен...

...Қысқасы, осының бәрі керісінше болса екен...

P.S.  Үйге қонақ қыз келген. Телефонына тыным жоқ. Ұйықтап жатып та сөйлеседі. Алғашқыдағы диагнозым переходной возрасттағы ауытқушылық еді, сөйтсем қателесіппін. 

Қысқасы, қызғаныштан  көре алмаушылық емес  жазылған пост.

                            



Бөлісу: