Эх!

Сезіліп сезіміңіз көзіңізден,
Аңғартып маған айтқан сөзіңізден.
Бір ілтифәт байқаймын маған деген,
Жылулық сезіледі өзіңізден.

Жалын болып алаулап жанамыз ба?!
Бой беріп, сезімге естен танамыз ба!?
Жоқ әлде, байқамаған кейпімізде,
Аға мен қарындас болып қаламыз ба?!

Берік болшы қалқатай,жарайды ма,
Қарашы, бір анықтап маңайыңа.
Сені ойлап қанша жан, армандаулы,
Қайтесіз,ақ кіргенді самайына!



Бөлісу: