ЕГІЗДЕР – ЕРЕКШЕ ЖАРАТЫЛҒАН ЖАНДАР

ЕГІЗДЕР – ЕРЕКШЕ ЖАРАТЫЛҒАН ЖАНДАР
жеке
блог

Егіздер туралы аңыз 

Аңыздар мен көркем әдебиеттерде, жалпы әр дәуірлерде әр ұлттың санасында егіздер беймәлім дүниенің жаршысы іспетті болды. Әлемдегі сирек кездесетін таңғажайып құбылыс ретінде егіздер адам санасын қызықтырып, аңыз ертегілерге арқау болғаны шын. Өткен заманнан бері егіздерді болашақты болжайтын, табиғи және адам өмірінде болатын оқиғаларға әсер ете алатын тылсым күш иесі ретінде де қабылдаған. Өткен дәуірлердегі аңыздардың желісіне көз салсақ, адамдар егіздерден қорыққанын да аңғаруға болады. Аңыз бойынша көбіне екеуінің бірі жақсылық, бірі жамандықтың белгісі болған. Ол кездері бір ер адамның екі баланы бірден ұрықтандыруы санаға қонымсыз, сиқырлы әрі табиғи емес құбылысқа баланған. Егер ана жұп балаларды дүниеге әкелген болса, онда бұл іске құдайлар мен әзәзілдер, жын-перілер мен хайуанаттардың атсалысқандығы деген түсінік болған ежелгі адамдарда.

Үндіеуропа мифологиясында егіз ағайынды жігіттер «Аспан құдайының балалары» деген атауға ие болыпты. Осы сынды «аспан балалары», «аспан ұлдары» деген бейнелеу Африка елінің нуэр, ньоро, ронга және басқа да халықтары аңыздарда жиі кездеседі.


Бүгінгі күннің аңыздары

 

Әлімсақтан бергі егіздер жайындағы мифтердің ғылыми тұрғыдан еш сиқыры мен тылсымдығы болмағанын бүгінде біз білеміз. Алайда, ХХІ ғасыр адамдарын көне дәуірлік сенімдер мен нанымдар қатты таңғалдыра қоймас. Дегенмен, заманауи заманның егіздері жайында өз аңыздары бар. Егіздердің мінездері екі түрлі болады. Бірі – «жақсы», бірі «жаман» деген аңыз әлі күні халық арасында жүр. Олар өсу барысында бір-біріне әсер етуі мүмкін. Бірақ олардың мінездері, темпераменті, әдеттері бір-біріне емес, ата-аналарына ұқсайды деп айту жөн болар. Оларды жан-жақтағылар әрдайым бір-бірімен салыстыруды еш тоқтатпақ емес. Осылайша адамдар салыстыру арқылы жаман мен жақсыны айырғысы келеді. Салыстыруды неге әкеп соқтыратынын өздеріңіз де білетін боларсыздар. Ендігі бір аңыз, егіздер айнымастай ұқсас әрі оларды ажырату мүмкін емес. Егіздер еш уақытта бір-бірінен айнымастай ұқсас болып келмейді. Гендері мен хромосомдарының топтамасы бірдей болғанының өзінде олар біз ойлағандай біріне-бірі ұқсамайтын көрінеді. Қай жағынан қарасақ та бойы, салмағы, мінезі бәрі де 100 пайыздық ұқсастық бермейді. Және жеке отбасын құрып, бақытты өмір сүріп жатқан егіздерді күнделікті өмірден көруге болады. Ата тегіңде егіздер болған болса, міндетті түрде қайталанады деген сөз қаншалықты ғылыми дәлелдеген? Егіздердің туылуы генетикалық тұрғыдан қайталануы да қайталанбауы да мүмкін. Бұл «ерекшелік» бір ұрпақтан кейін қайталанады дегені орындалмауы да ықтимал.