Егер мың жыл бұрын Нобель сыйлығы болса, онда оны түрік жұртынан кім алар еді? Қазақ ел болып біріккен 1456 жылдан кейін біздің ұлттан кім алар еді?
Уақыт 900 жылға кері шегінді делік. Нобель сыйлығы 1001 жылдан бастап беріле бастаса... Онда оны медицина саласы бойынша түрік жұртынан шыққан атақты ғалым, пәлсапашы, астроном Ибан Сина алған болар еді.
Сол үрдіспен келе берсе бүкіл көшпенділердің басын қосып, алып имерия құрған Шыңғысханға да экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы бұйырып қалар ма еді?!..
Онан кейін, әрине белгілі Алтын орда дәуірі, Қазақ хандығы басталады.
Ең алдымен Нобель әдебиет сыйлығы бізге бұйырар еді. Оны тіптен бірнеше жыл арт-артынан алып жіберер ме еді, қайтер еді. Себебі, ол заманда біздің жыраулардың деңгейіндегі философиялық жырларды, биік әдебиетті туғызған ел кемде-кем. Ең алдымен Асан Қайғы, Шалкиз жырлаулар алады.
14-ші ғасырға аяқ басқанда біздің ұлтқа медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы тағы бір рет берілер еді. Себебі, біздің жұрттан қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік-саяси өміріне жүйрік тарихшысы, емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өмірге келген. Жәнібек ханның тапсырысы бойынша өзінің әйдік "Шипагерлік баян" кітабын жазған.
Жылдар жылжып, ғасырлар аунап жатады. Елдің тыныштығы мен бейбіт заманды баса айтып халық данасы атанған үш биіміз Төле, Әйтеке, Қазыбек билер Нобель бейбітшілік сыйлығын алса, бұл қатарда махаббатты жырлағандары үшін, өз заманының би-болысынан теперіш көргені үшін арт-артынан Ақан Сері мен Біржан Сал осы сыйды еншілер еді.
Сол дәуірде атақты ғалым Шоқан Уәлихановтың да бұл сыйлыққа ұсынылып қалуы әбден мүмкін ғой.
Ең соңында, әрине, бұл сыйлыққа әбден лайық адам - Абай. Абайға Нобель әдебиет сыйлығы еш ойланбастан-ақ берілер еді.
Жалпы, ұлттың әлемге танылуы оның ғылымы, әдбиеті, бейбітшілік сүйгіш ұстанымы тудырған тұлғаларымен жүзеге асады. Осындай тұлғаларды тудырған ұлттың рухы ешқашан төмен тартпайды, жойылып кетпейді. Егер кәрі құрлықта өнеркәсіп төңкерісі болмаса, өнер мен әдебиеттің қайта өрлеу дәуірі болмаса олар баяғыдай-ақ түрік жұртының боданы болып, шығысқа тамсанумен өмірден өтер ме еді, қайтер еді?!
Сурет: "Тарихтағы Тараз қаласы" Уикипедиадан