Егер мен...

Егер мен...
жеке
блог

Егер мен жігіт болсам, барлық қызды туған қарындасымдай қорғап, қамқорлығыма алар едім.

Егер мен жігіт болсам, әйел затының сөмкесін көтерісуден бастап, төрден орын беруге дейін жағдайын жасар едім.

...темекі шеккен қызды көрсем, тыңдасын-тыңдамасын, болашақ тәп-тәтті сәбилері жайында есіне салар едім.

...дос қыздардың көңіл күйі нашар екенін көрсем, әзіл айтып көңілін көтеріп немесе шоколад алып берер едім.

...ұятты жері ашық қызды көрсем, оған көз салған еркектерді сабасына түсіріп, ал қызды сөзбен одан сайын ұялтар едім.

...бірінші өзі хабарласып, сезімін білдірген қыздармен сөйлеспей қоюшы едім, айналамды жеңілтек қыздардан тазартар едім.

...бір қызды өмір бойы сүйіп өтіп, басқаларға көз қырымды да салмаушы едім.

...әр сәттен романтика жасаушы едім.

...бетіне бес тонна бояу жағатын қыздар емес, табиғи сұлулығын бағалайтын қыздар тартымдырақ көрінетінін түсіндірер едім.

...біреуді балағаттап, ғайбаттап, өсектеген адамдарға басу айтар едім.

...достарымды құмар ойыннан алшақтату үшін қолымнан келгенін жасар едім.

...қандай болса да жұмыс жасап, қаражат тауып, маған мұқтаж жандарға қол ұшын созар едім.

...жаңа техника түрін ойлап тауып немесе басқа жолмен елімді шетелге танытар едім.

Сурет www.jw.org сайтынан.