Егер қыз кездесуде (свиданиеде) өзіне өзі төлесе не болар еді?

Елімізде ер азамат, ежелгі заманнан бері, отбасының асыраушы, қамқоршысы, доминант, ал әйел отбасының ұйытқысы және ер азаматтан әрдайым бір адым артта тұрады. Қазіргі заманда бұл тұжырым қатты өзгеріске ұшыраған жоқ, және де ер азаматтың нәзік жыныс өкілдеріне қамқор болып кездесуде, ресторанда, кинотеатрда, клубта және кез келген жерде қамқорлық көрсетіп, төлемді өз мойнына алу қалыпты жағдай. Бұл ешбір жерде жазылмаса да заңға айналып кеткен. Бұл біздің минталитет.

Бірақ тек бір мезетке ғана, мысал ретінде ғана, қыздар кездесуде өздеріне төлесе не болар еді деп ойланып көріңізші.

Ең алдымен қыздардың кездесуге деген қызығушылығы жоғалады, және кездесуге аз бара бастайды. Кездесуге шақырған жігіттердің ең ұнағанына ғана көңіл білдіретін болады. Frienzone немесе ер жігітпен жәй дос болып жүру жоғалмайды, бірақ едәуір азаяды.

Жігітін ата-анасынан жасыру қиынға түседі, себебі кездесуге ендігәрі жігіт төлемейді, ал ақша жерден өспейді.

Ата-ананың хабардар болуы және жігітке қызығушылық азаюы, оңды-солды жүретін қыздардың санын азайтады. Нәжік жанды аруларымыздың қатарында адалдар көбейеді. Әрине, бұл барлығына әсер етпесе де, көпшілікті қамтиды.

Алайда, әр тиынның екі беті бар, және ер азаматтарымыз да кең өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалыға алатын болсақ, ер азаматтар ынжық бола бастап, доминант дәрежесінен түседі. Феминист қыздардың шектен тыс көбейуі оларды сенімсіз қылады.

Ер азамат пен қыз арасындаға қарым қатынастар күрделі өзгерістерге ұшырайды. «Ер-доминант» дейтін ұғым артта қалып, «жыныс теңдігіне» бір адым жақындайды. Бірақ, бұл дұрыс па? Біздің минталитетке сай ма?



Бөлісу: