Қалтаңда «жүз сомың болғанша жүз досың болсын» деген бұрыннан келе жатқан сөз бар. Алайда, бұл сөздің құны бүгінде таразыда теңдесер емес. Өйткені, жүз сомым болса, жүз достың өзі-ақ табылады, сол достар мені силайды дейтіндер көптеп кездеседі. Бүгін біз де сабақтан соң әр қайсысымыз жүз мың доллар арқалап қайттық, құр арқаламай, шындығында, бар болса не жасар едім деген оймен қайттық. Бұл жайында кішкентай кезімде «ТВ Бинго» ойынын көрген кезде жиі ойлайтынмын. Егер де көп қаржының ұтысына ие болсам, алдымен әкемнің қызығатын көршіміздің тұнық көк машинасындай дәл сия көк көлік әперіп, сол машинамен атамыздың үйіне бару болатын. Кейінірек жетінші сынып оқып жүргенімде әжемнің науқасына қаражат іздеген отбасының қысылғанында, қомақты ақшам болса, әжемді аяқ науқасынан тік тұрғызып алар едім деп ойлайтынмын. Бірақ құр тілегенннен түк шықпайтынын марқұм әжемнің оралмас сапарға кеткенінде-ақ түсінген болынмын. Ал қазір қалтаға ойша түскен жүз мың долларды ары тартып-бері тартып, түн ұйқыны төрт бөліп қайда жұмсарымды біліп болмаймын. Жай әшейінде бүйтер едім, сөйтер едім деп миыңды сан тарапқа жүйткіретін болсам, енді жазғанда тосырқап отырғандаймын. Тіпті, жүз мың доллардың өзі түкке жетпейтіндей. Бәлкім, шынайы түрде болса басқаша болар ма еді?..
Қашанда адам әрқашан арманшыл келеді. Мен осындай жүз мың доллар табыс әкелетін, еңбекпен келетін жұмысым болса дер едім. Қайткенде де ақша деген қолда еріген мұз. Ең бастысы бастың амандығы, жақын туыстарың мен дос-жараңдарының қиын сәтте қасыңнан табылуы бұл өмірдегі баға жетпес байлық дер едім.
Массагеттіктер сіздер не істер едіңіздер?..