Егер бала қандай мамандық таңдарын білмесе...

Қазіргі кезде көптеген мектеп оқушылары болашақ мамандықтарын ҰБТ нәтижиесі бойынша таңдауда. Олардың көпшілігі грант қуып өзі ешқашан естімеген мамандықты таңдайды да, грантқа түстім деп қуанады. Көпшілігі өздерін шығуы қиын тар жолға салып жатқандарын байқамайды. Ата-аналардың көпшілігі шығыннан құтқарды деп те іштей қуануы да мүмкін. Алайда біз дұрыс дүниеге қуанудамыз ба? Біз баланың грантқа түскеніне емес өзі армандаған, ойлаған мамандыққа түскеніне қуануымыз қажет. Сондықтан қазір көп уневерситеттер өз қабырғаларында ашық есік күндерін өткізіп отырады. Ол ашық есік күнінде мамандықтар түсіндіріліп, болашағы туралы айтылады. Алайда мойындау керек дүниенің ішінде, сол ашық есік күндеріне келетін балалар бір балалар. Яғни ашық есік күндерді аралайтындар әрқашан үздік оқушылар немесе алтын белгі және көпшілігі қала балалары. Әрине басқа балалар туыстары, достары болмаса интернет арқылы өз мамандығын анықтаған шығар. Алайда оған күмәнім бар. Міне осындай болашағын тест нәтижиесі арқылы құрмақ балаларға айтарым техникалық мамандық таңдау. Дәрігер емес, экономист емес, заңгер емес дәл техникалық мамандықтар. 

Неге?

1. Техникалық мамандықтарда оқу материалдары алуан түрлі және өте көп. Егер сіз әр лекциада тақырыпты түсінсеңіз, кейін бұл тақырыпты пысықтау үшін түрлі материалдар қолдануға болады. Мысалы, қазақ немесе орыс тілінде жатығу жасап, кейін ағылшын тілін де видио немесе шешімдерді қарауға болады. Мұнда ағылшын тілін білмейтіндердің өзі түсіне алады. Өйткені техникалық мамандықтарда сөздер емес сандар мен терминдер маңызды рөл ойнайды. Сонымен қатар ол интернет материалдарының көпшілігінде үндістердің акценті болғандықтан, кейде не хинди не ағылшын екенін ажырату қиын. Сонымен жоғарыдағыларды істесеңіз, кез келген тақырыпты түсіну оңай болады.

 2. Техникалық мамандықтарда бірден екіге дейін сабақтарды жақсы оқып жұмыс істеуге болады. Мысалы, Java бағдарламалау тілін жақсы оқып, кейін интернет материалдары арқылы білімін кеңейтіп Java Developer болуға болады. Тіпті болмаса бірінші курста мектеп бағдарламасын группамен қайталап репетитор болуға болады. Осы жерде сізді дайындаған жас репетитордың қалтасы қандай болғанын ойлаңыз. Мұнда менің айтқым келгені гуманитарлар активист болып өз белсенділіктерін артырып немесе том, том заңдарды ақтарып жатқанда сіз бірнеше формуланы біліп оқып жүріп құрметі бар жұмыс (офицант емес) жасай аласыз. Әрине барлығын өз уақытында оқып отырсаңыз. 

3. Техникалық мамандықты бітіріп мектептен бизнес, үкіметке дейінгі жерлерде жұмыс жасай аласыз. Олардың дәлелдері өте көп. Н.Назарбаев металлург, Ә.Исакешов радиоқабылдағыштың слесор-жинаушысы, И.Тасмағанбетов геогроф, М.Шаханов тракторшы болып еңбек жолын бастаған. Тіпті болмаса қазір елде инстагарамның жұлдызы, экс-банкир М.Әбләзов атом-энергетикті оқыған. Сондықтан техниктер тек завот-фабрикаларда жұмыс жасамайды. 

Әрине, мұнда біреулер мамандық әр адамның өз таңдауы деп айтуы мүмкін. Алайда сол таңдау дұрыс көрсетіліп жатыр ма? Көп жастар, әсіресе ауыл жастары техникалық мамандықтарды гранты көп мамандықтар деп біледі. Сондықтан кейде техникалық мамандықтар өз мәртебесін көрсете алмайды. Ал әне программист немесе инженер таксист болып жүр дегенді естісең ол кезде білім қазіргідей қолжетімді болғанын ескергей. Қазір сен өз мамандығыңның шебері болсаң Қазақстанда ғана емес өзге елдерде де орын таба аласың. Ал оның ішінде техника маманы болсаң сен осы адамзатты сүйрейтін негізгі күш боласың. Техникалық маман ол қазіргі заманның қажеттілілгі...



Бөлісу: