Егер адам 24 сағат өмір сүрсе...

24 сағаттық өмір

Егер орташа есеппен адам өмірінің ұзақтығы 70 жыл емес, 24 сағат қана болса:

Онда Адам дүниеге келгеннен кейін 18 минуттан соң жүре бастайды. Тағы 5 минуттан кейін "сөйлеуді" үйренеді. 2,5 сағаттан кейін мектепке барады 3 сағат 20 минуттан кейін мектепті бітіреді. 5сағаттан кейін алғаш рет ғашық болады. 3 сағатын жұмыста өткізеді.  20 сағаттан кейін-ақ зейнетке шығады. 40 минутыңыз кітап оқуға немесе интернетке кетеді. 50 минутыңызды тамақ жасауға және ішуге жұмсайсыз. 1 сағат 20 минут трансортта өтеді. 6 сағат теледидар көруге кетеді. 8 сағат немесе өміріңіздің (24 сағаттық өмірдің) 3/1 -і ұйқыға кетеді. жол кептелістері, тазалық жұмыстарына тек милисекундтар жұмсалады.

Яғни, 24 сағаттық өмірде уақыттың қадірін көбірек түсінер едік. Дегенмен, бізде дәл сондай 25000 күніміз бар (орта есеппен. 1 жылда 365 күн болса, 25000 күн = 68 жыл). әр күнімізді, әр секундымызды пайдалы іске жұмсайық!!!



Бөлісу: