Егеменді елдің еңсесі биік!

Егеменді елдің еңсесі биік!
жеке
блог

Жақында ғана 25- қазан Республика күні аталып өтілді. Республика деңгейінде өткізілген аталмыш шараны бірі тойласа, ,бірі тіптен бұл мереке жайлы білмейді, тек мерекелік демалысқа ғана қуанады.Алайда бұл ұлттық мәселені жәй ғана айтып коя салу, көзге ілмеу қателік сияқты. Ел  үшін ұлы мерекенің қадірінің төмендеуі әрбір қазақ азаматы үшін, ел  үшін маңызды мәселе болуы керек…16-желтоқсан “Тәуелсіздік мерекесі” мен Республика күнінің құрметіне орай  ұйымдастырылатын іс-шараларды салыстыруға келмейді. Халықтың санасындада дәл солай қалыптасқан сынды. Тәуелсіздік алғанымыз бізге мерекеде, ,ал дербес Республика болғанымыз қарапайым күн сияқты,  ешнарсе өзгермегендей халықта тіптен мерекелік реакция жоғы ащы шындық. Бүгінгі көтеретін мәселесем осы тақырыпта болмақ.

Жалпы қазақ халқы үшін Тәуелсіздік алғанымыз өте құнды,тарихи,ұлттық мереке болды, әрине құрсауда жатқан елдің босауы, еркіндікке  қол жеткізуі қандай ел болмасын ұлы мереке болар еді.Бірақ менің жеткізгім келетіндігі Егеменді болуы, заң бойынша Қазақстан Республика атануымыз Тәуелсіздікке қарағанда ұлы мереке болуы керек, оны өзгертетін, халықтың  санасына жеткізетін немесе өз әрекеттеріміз арқылы ұлтқа үлгі болатын біз болуымыз керек,өйткені халық ол-біз!

Қазақ хандығы құрылғаннан бері біз тәуелсізбіз,еркінбіз! !Тек Ресейдің боданында бірнеше уақыт қалып қойдық, әрине ол кездер ұлт үшін ең қиын, ауыр зар-заман болды .Алайда осы идеология, яғни “тәуелді” деген тіркес елімізді, еркін халқымыздың санасына “сендер тәуелді болғансыңдар немесе құрсауда бодан болғансыңдар” дегендей ой салады. Сәйкесінше, Қазақ-ол еркін халық, тәуелсіз халық болғанын тарих беттерінен бәріміз біле аламыз. Міне, сондықтанда ұлт үшін осы Тәуелсіздік мерекесінің қадір-қасиеті әлдеқайда ұлы, өйткені санамызда 16-желтоқсаннан бастап Тәуелсіздікке қол жеткіздік деген ой бар, негізінен біздің еркіндікке ұмтылғанымыз сонау ертеректе Алаш ордасынан, Қазақ ұлттық идеясынан, желтоқсан оқиғасынан т.б басталған. Тәуелсіздік мерекесін ұлт болып,ұлыс болып өз дәрежесінде тойлаймыз.Ол күні әрбір қазақтың жүрегінде патриоттық сезімі оянады, еліне деген махаббаты, құрметі арта түседі. Дәл солай жоғары дәрежеде Республика атанып егемендігімізді   жариялағандығымызда аталып өтілсе, ұлттың жүрегінде еліне деген құрмет тағыда оянса деймін.

Әрине, мемлекеттік мекемелерде, дөңгелек үстел үстерінде теледидармен әлеумееттік желіде Республика күні деп астын сызып қарастыратын мерекенің жастар арасындағы маңызы қандай? Не себепті қазіргі таңда бұл мерекенің маңыздылығы халық арасында төмен, неге басқа мереке секілді атап өтілмейді?             Себеп-салдарын анықтауға тырыстым.

Біріншіден, Республика күнінің маңызы туралы білімнің жеткіліксіздігі. Көптеген адамдар бұл мерекенің не екенін және олардың өміріне қалай қатысты екенін білмеуі мүмкін. Екіншіден, мерекелік дәстүрдің жоқтығы. Кейбір аймақтарда Республика күні дәстүрлі мереке емес, сондықтан оған мән бермейді.
Үшіншіден, билікке сенімсіздік. Кейбір адамдар үкіметке сенімсіздік пен оның әрекетіне көңілі толмау салдарынан Республика күнін тойлағысы келмеуі мүмкін.

Төртіншіден қызығушылық жоқ немесе бос уақыттың болмауы. Орта буын жұмыспен, отбасылық мәселелермен және мерекелерге қатысуға кедергі келтіруі мүмкін басқа да міндеттермен айналысуы мүмкін. Ал қызығушылық болғанда адам уақыт таба алатын еді. Бесіншіден ресми тойлану жоқ,яғни белгілі бір жұмыс жасайтын адамдар,мысалы мектеп ұжымы болып тойлайды, ал жұмыссыздармен қарттар үшін мереке тойланбай қалып кетеді. Осы сияқты ірілі-ұсақты себептерге тоқталдым, жеткізгім келген ойым ол- мерекені өз деңгейінде  тойлау және халықтың санасына Республика күнінің маңыздылығын жеткізу болды.

Ер есімі- ел есінде демекші еліміздің елдігін сақтайтында, оны келесі ұрпаққа жалғайтын көпір ол біз-халықпыз! Республика атанғанымызбен ұлт болып, ел болып мақтануымыз керек, себебі бұл атақты ала алмай кеткен, елдігін сақтай алмай, желбіреген жалауы жер иіскеген ұлттарда бар. Егеменді еліміздің еңсесін халық болып,ұлт болып көтеруіміз керек. Яғни, әр отбасы дастархан басында өз балаларына осы мәселені насихаттау керек. Әрбір шаңырақта Отан туралы,оған жету жолындағы ерен еңбек сіңірген ұлт қайтаркерлері туралы әдемі әңгіме өрбуі керек. Жастар да өздері жүрген ортада ұлттық мерекені тойлауға білек сыбана атсалысуы керек,активтілік танытып мерекенің қадірін жоғарылатуы керек. Мемлекет мекемелерінде де мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде атылып өтіледі және осы сынды шараларға жастарменен орта жас өкілдері, тіпті қарттарда қатысуы керек деп санаймын. Ұлттық мерекені ұлт болып, халық болып тойлау, мерекеге патриоттық сезіммен, Отанға деген махаббатпен барша қазақ елі болып ұжымдаса жұмыс жасау ол біздің- міндетіміз!   Қазақстан республикасының мерейі мәңгі үстем болып, көк туы көп аспанда мәңгі қалықтасын!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
“Мәдениеттану” 2-курс студенті Абдуали Аида
Жетекшісі:Кудерина Айжан