Эдгар Поның бейтаныс оқырманы
блог
Америкалық романтизм өкілі саналатын жазушы – Эдгар По Балтиморда жерленген. Ал 1949 жылдан бастап дәл 19 қаңтарда (жазушының қайтыс болған күні) оның басына қара киімді бейтаныс адам келіп жүрген.
Ол жазушы басында отырып алдымен күбірлеп сөз сөйлейді екен, сосын үш тал раушан гүл мен «Хеннесси» шарабының шөлмегін қалдырып кетеді екен.
Мола қызметкерлері, ал кейіннен барша жұрт жыл сайын келіп жүрген құпия оқырманның кім екенін білгісі келген. Оның соңғы рет келген кезінде дәл ол бейітті 90 адам күзетіпті. Десе де, қара киімді адамның аты-жөні белгісіз қалып отыр екен.
Жазушы басына тастаған шөлмек пен раушан гүлінен басқа, оның жазған хаттары да бар болып шыққан. Тек хат жазушыға емес, Эдгар По шығармашылығын сүйіп оқитындарға арналған. 1999 жылы қалдырылған хатта оның «белгісіз оқырманы» қайтыс болғаны және оның орнын өзге бір қара киімді адам қабылдап алғаны туралы жазылған.
Бұл дәстүр 2011 жылға дейін жалғасыпты. Ал кейінгі 2012, 2013 жылдардың 19 қаңтарында қара киімді адам көрінбеген. 2014 жылдың да 19-ы қаңтары таяуда. Кім біледі, қара киімді оқырман қайтып келер?
P.S. Мұндай оқиғалар көп қой. Бірақ дәл осы оқиғаны есіме ала отырып, қазірде бізде де нағыз оқырманның жоғалып кеткенін, жата-жастана оқитын кітаптарымыздың жоғалып бара жатқанын ойладым.