Душ

Жаз шықты. Енді күннің ыстығына шыдамаған кей ағайындар "Қыс қашан болады?" деген ойға да ерік берері анық. Жаздың ыстығында балалар болмаса ересек адамдар, қыз-келіншектер күнде өзенге барып шомылмасы анық. Оның үстіне барлық ауылдардың маңында ыстықтасаң суды күмп еткізіп сүңгіп шығатын өзеннің жоғы да рас. Осындай сәттерде ауылда душтың қадірі артып шыға келеді.Біздің бала кезімізде солай еді әйтеуір. Сырт келбеті ауылдың дәретханаларына ұқсайтын,үстінде 200 (көбіне солай) летрлік бөшкенің бүйіріне кранник орнатып қоя салған кабина. Таңертең құйған суың түс ауа жып-жылы болып шыға келеді.Су соратын насостары (мотор) барларға рахат,әлгіні лезде толтырып қоя салады. Кейбір душтардың суы сол үйдің балаларының мойнында. 12 летрлік екі шелекті екі қолына ұстап 10-12 жасар балалар қисалаңдап бөшкенің 200 летрлік болғанына нәлет айтып толтырып жүргені. Кей кездері сол ауылдың душын да сағынамын.



Бөлісу: