Дұрыс шықпаған шешім.

     Осыдан бірнеше жылдар бұрын шешімі дұрыс шықпаған сот болған.
     Толығырақ тоқталар болсақ. 11 сынып бітірушісі жап-жас жасөркен баланың ғұмыры 1 минутта үзіліп түсті. Кешкісін әскерден жаңа келген жігітсымақ құрбанын шақырып алып,  бірнеше зат сатып алып әкелуді тапсырады. Өз ақшасы емес, әлгі баланың өзі алып келу керек еді.  Қарсылық білдірген баланы тамағынан қысып тұрғанда демі жетпей қысылып қалып, сол жерде жүріп кетеді. Оны баланың жолдастары көріп қалған екен. Соның арқасында байғұс ата-ана қылмыскерді заң жүзінде жазалай аламыз деп ойлайды.
     Бірнеше айдан кейін сот болады. Сот үкімі бойынша ол бала 2 жылға сотталады. Алайда 1 ай өткеннен кейін бостандыққа шығады. Оны көрген әпкесі заңсыздыққа қарсы тұрмақ болады. Сол ісі үшін, 1 жылдың ішінде інісін ғана емес әпкесінде жолда кетіп бара жатқан жерінен соғып өлтіріп кетеді. Куәгерлердің арқасында әлгі қанішер табылады. Десе де сол баяғы әдетімен мықты заңгерді жалдап, соның дәлелдемелерді ылғи жалғанға балап отыруының арқасында 3 жылға сотталады. Міне, осылай әділетсіздіктің тағы бір патшалыңы салтанат құрды. Қайран қырмызыдай құлпырған ару мен жалынды жас-ай.
     Осылайша екі бірдей бір отбасының балапаны өмірден өткен екен. Сағыныштан жүрегінің парша-паршасы шыққан ата-ана қазір екеуін қос періштесіне балайды...



Бөлісу: