Дүниедегі ең қатал өлім жазасы
блог
Біздің эрамызға дейін өлім жазалары өзінің аса қаталдығымен ерекшеленген. Солардың ішінде ең қатал жазаларды ойлап табушы қытайлықтар болған. Олар өздерінің қорлаушы іс-әрекеттерімен дүние жүзінде біірінші орында тұрған.
Ең қатал жаза Цин империясы билік қырған кезде ойлап табылған. Бұл жаза "Лиин-чи" немесе "Мың кесіктерден құралған өлім" деп те аталады. Бұл әдіспен жылына он бес-жиырма адамды өлтірген. Ең бастысы бұл жазаны ылғи жоғары дәрежедегі шенеуніктерге қолданып отырған.
"Лиин-чидің" ерекшелігі ол уақыт созуда. Егер қылмыскер жарты жыл немесе одан да көп бір жыл жазаға тартылған болса, жендет оны сол уақытқа дейін өлтірмей қинауға міндетті болған. Бұл жазаның ең басты мәні-ол адамның денесінен кейбір мүшелерін кесіп алып отыру. Мысалы: қылмыскердің бір бақайын кесіп алып, оның орнын кәсіпқой жендет күйдіріп қайтадан камераға жіберген. Келесі күні басқа бақайын кесіп, қайтадан күйдірген. Осылай күнделікті қайталанып әр жерін кесіп алып отырған. Ең бастысы қылмыскерді уақытынан бұрын өзін-өзі өлтіруіне жол бермеу керек болған. Ол үшін жендеттің өзі өлім жазасына бұйырылған. Соңына қарай бұндай кескілеуден өткен адам денесі кептірілген солқылдақ етке айнала бастаған. Бұндай физикалық қиындықтардан өткен адам баласы адам сенгісіз аурулар мен өте киын жағдайларға душар болады.
Қытай жендеттері әйелдерді де әр түрлі себептермен жазалап отырған. Солардың ішіндегі белгілісі ол аспазшы әйелдің пісірген күрішінің түсі, қожайынның дәрежесіне сай келмегендіктен жазаға тартылуы. Әйелдерді шешіндіріп, екі аяғының ортасына өте өткір ара койған, ал колдарын байлап ілмекке ілген. Бұндай жағдайда ілмекке ұзақ уақыт бойы ілініп тұру мүмкін емес, ал отырса араның үстіне түседі. Осы әдіспен аспазшы әйелдер өздерін белінен омырауына дейін сойып жіберіп отырған.
Сонымен қатар алғаш рет қытайда адамды ортасынан қақ бөлу және де тірілей жердің астына көму жазалары ойлап табылған.