Бұл блогты жазу себебім бұрыннан бері ойлап жүрген бір психологиялық эксперимент болып келеді. Түрлі кітаптардан неше түрлі психологиялық эксперименттік оқығанда егер бұлай болса адамдар не істер еді немесе бұлай жасаса не болар еді деген сұрақтар туатын. Мысалы, әмбебап дүкендердегі немесе киім дүкендеріндегі жеңілдіктер адамдарда сол затты алуға ой тудырады. Осы типті маркетингтік әдістер ұтымды бір тауар сату әдісіне айналуда. Көп сөйлей бермей сіздерге осы блогтың мақсатын түсіндіріп кетейін.
Ойыңызда үш таңбалы бір сан ойлаңыз. Барлық цифрларды қосып туған жылыңыздан азайтыңыз. Шыққан нәтижені екіге көбейтіңіз. Ойнап айтамын, блогты ары қарай оқи беріңіз.
блогтың атын оқысаңыз бұл блогты оқып босқа уақытыңызды құртпаңыз деген кеңес берілген. Алайда, сіз бұл кеңесті елемей кеткен адамдардың бірісіз. блогты оқыған адамдардың санына қарап блогтың тақырыбы адамдарға қалай әсер ететінін аңғаруға болады. Бұдан адамдардың назарын аудару үшін қандай әдістер пайдаланылатынын немесе адам психологиясының сырларын түсінуге болады.
Мәселен, мына оқиғаны айта кеткен жөн. Ертеректе мектеп жанында тұрған қарт атаның үйінің алдынан сабақтан шыққан бір топ мектеп оқушылары күнде шулап жүгіріп өтуші болыпты. Қарт атаның қатты мазасын алушы еді. Бір күні ата ол оқушыларға осылай жүгірулерін доғармауы үшін әр оқушыға 30 теңгеден беріп тұруға келісіпті. Оқушылар атаның ұсынысына қуана келіседі. Бірнеше күн өткен соң қарт ата оларға әдеттегідей ақша беретін кезде ақшасы таусылғанын айтып, "жүгіру ақысын" 30 теңгеден 10 теңгеге азайтуын сұрады. Оқушылар арасынан бір бала ондай жағдайда біз әдеттегіден азырақ жүгіретін боламыз деп наразылығын бүлдіреді. Арада тағы біраз уақыт өтеді. Балалар әдеттегіден азырақ жүгіре бастайды. Сосын қарт ата балаларга келіп ақшасы таусылғанын айтып, енді ақша беруге шамасы келмейтінін айтады. Бұған келіспеген оқушылар ата үйінің қасынан жүгіруден бас тартады. Содан бастап атаға реніштерін білдіріп, қарт атаның үйінің алдынан жүгіруді доғарады.
Нәтижені білгіңіз келсе оң жақтағы төменгі бұрышына қараңыз.