Дүние алма-кезек...

    Менің  екі тентек жиен сіңлім мен інім бар. Інім үш жарым жасар, ал сіңлім бір жарым жасар. Бір күні інімнің басына папасының  байқамай қолы тиіп кеткен болуы керек. «Папая, сен мені ұрдың ғой, білесің ба, енді басым жарылайын деватр менің» - дид.)) Ал саған, не деген сөз тапқыш осылар))  Кішкентай сіңлімнің қылықтары тіпті тәтті. Ол көзбен атса, «өле» қалуымыз керек, құлап қалса «күлуіміз» керек дым болмағандай. Очм, «клоун» болдық. Сәл бірдеңе ұнамай қалса, көңілдерінен шықпасаң, «біттім» дей бер. «Сен, тет үйіңе, сен күштілеп ойнай алмайсың» дид)). Бірақ, бір ойнасаң баламен бала болып, өзің қалай ойнап жүргеніңді сезбей қаласың кейде.)) Ойпырым-ай, ойыншықтарын айтсаңызшы, заманауиленіп кеткен бе, қалай өзі? Сөйлемейтін қуыршақтар, неше түрлі ән айтады,  бірдеңелерді басып қалсаң, неше түрлі заттар шығады... Әйтеуір, не керек, ойыншықтарға «баттық».


   Кешкісін ұйықтар алдында әлгі «Спокойной ночи, малыши»  дегенді қарайды екен. Бір кездері біз де осылай басқа ештеңеге аудартпастан, қарап отырушы едік. ..

-         Енді не істейміз?

-         Мультик қарайықшы.

-         Маша и медведь. Варенье жейтін жерін...))

Күнде осылай. Бір күні «Ну, погоди», бір күні «Элвин и бурундуки». Тіпті, мультиктерді жаттап алуға айналасың екен бұлардың қасында жүрсең.. )) Кішкентай сіңлімнің істейтін қылықтары бәрі «Машанікі». Жүрген Маша ма дерсің..))

    Эххх, уақыт-ай!!! Не деген жүйрік едің!!!  Осы ғаламдағы алып сен ғана шығарсың! Сені ғана тоқтатуға ешкімнің шамасы жетпес!  Ностальжи... Бір кездері біз де осылай мультиктен мультик қоймаушы едік. Менің ұнататыным «Том и Джерри» мен  Спанч боб туралы мультиктер болатын.)) Біз де осылай есіміз кетіп, аузымыз ашылып қарап отырушы едік...))) (Бір кездері бұл екі тентектің папалары бізге «клоун» болған))) Бір кездері біз де осылай отырғанбыз мультик талғап...)) Дүние алма-кезек деген осы-ау...



Бөлісу: