Дұға

Балам менің,

Қай жолдың бойында

Естілді соңғы демін.

Дұғамда әркез есімін,

Неге бүгін?

Жұлдыздар жарық шашпайды,

Алыста жырақ жатқанын

Келеңсіз ойыны тағдырдың.

 

Үстінен жарық шашатын,

Жұлдыздай неге болмадым?

Қасынан бір сәт табылып

Жүзіңді көру арманым,

Бар үмітке алданып

Көрсек қой таңның атқанын,

Тағы да шайқас басталса,

Жаным мен қу жүрегім

Қорған боп тұрар алдыңа,

Алаңдамай майданнан,

Іште қатқан кәнімнан,

Қолыңды ұстап екеуміз

Атқан таңды көрерміз.

 

Балапаным

Қат-қабат үйлер, көшелер

Бөгде жерде адасып,

Жүргендей ме жаным?!

Жай емес мына жүрегім

Үмітті үзбей келеді,

Алдағы көктем үнімен

Қайтарсың балам үйіңе... 



Бөлісу: