ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ СОМДАЛДЫ

2021 жылдың 31 тамыз күні Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Ақ жол-жастар" жастар қанаты Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ГМ 172/10 түзеу мекемесінде "Шын дос” атты драмалық қойылымын сомдады. Драмалық қойылымның авторы Асылбек Әуезханұлы.

Қойылым соңында жазасын өтеушілер сезімге ерік беріп, өз әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар қойылымнан түйген дүниелерін атап, жастар театрының әуесқой әртістеріне шын жүректен тілектерін жеткізді.



Бөлісу: