Бір адам Сократтан сұрап жатыр:
- Сократ, досыңыздың сіз туралы не дегенін білесіз бе?
- Тоқтай тұр - деп Сократ оның сөзін бөлді. Сен өзің білесің бе, сөз айтар алдын да 3 рет ойыңды електен өткізу керектігін?
- 3 рет електен өткізуім керек пе?
- Иә, айтар ойыңды нақтылап алуың үшін електен өткізу керек. Біріншісі сөзіңнің растығынан бастайық. Айтар сөзіңнің "растығына" көзің жете ме?
- Жоқ, мен тек есіткен едім.
- Демек сөзіңнің растығына көзің жетпейді. Жарайды екінші елек - "жақсылық" жағына көшейік. Сен менің досым туралы жақсы бір сөз айтқың келген болар?
- Жоқ, тіпті оған қарама-қарсы.
- Демек - деп Сократ сөзін жалғады, - досым туралы жаман нәрсе айтқың келіп отыр, бірақ сөзіңнің растығына көзің жетпейді. Мейлі үшінші елек - оның "пайда" жағын қарастырып көрейік. Сен айтқалы тұрған сөздің өзіңе немесе маған пайдасы барма?
- Жоқ, бұдан ешқандай пайда көріп тұрған жоқпын.
- Ендеше, - деп сөзін аяқтай келе Сократ, - сенің айтпақ сөзіңде ақиқат жоқ, тигізер жақсылығы жоқ, не алып келер пайдасы жоқ. Онда оны айтып не керек?