Жалпы достықты біз қалай түсінеміз? Достық- өзара қамқорлық пен мейірбандылықтың, рухани жақындықтың белгісі болып табылады.
Шығыс нақылы.
-Басқа кіммен дос болсаң, онымен дос бол, бірақ мынадай үш адаммен дос болма,- депті бір данышпан өзінен ақыл сұрай келген адамға. - Ақымақпен дос болма, ол саған жақсылық жасаймын деп жүріп-ақ жамандық жасайды; зеріккіш жанға жолама, қанша сенгеніңмен ол сені тастап кетеді; өтірікшіден аулақ бол, ол сені өсекке таңғанын өзі де сезбей қалады.
Қандай орынды, дәл айтылған сөздер. Қазіргі таңда жаныңа жақын, сенімді, адал дос табу қиынның- қиыны. Қанша жыл бірге сырласып, адал дос деп жүрген досыңның өзі бір сәтте алыс адамыңа айналып кетуі мүмкін.
Менің бір ғана "адал" досым бар. Ол екеуміз мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап біргеміз. Осы уақыт аралығында талай реніш те болды, түсініспеушіліктер де орын алды.Бірақ, бұл себептер біздің достығымызға ешқандай да сызат түсірмеді. Міне, биыл біздің достығымызға да он екі жыл толыпты. Осы жылдар бойы менімен сырларын бөліскен, қиын сәттерде қасымнан табылған жан құрбыма алғысым шексіз!!!
Көңілдеріңізге демеу болатын, қиын сәттерде қасыңнан табылатын, жүрекке рухани жылу сыйлайтын достарыңыз көп болсын, ағайын!