Досымның анасы

Досымның анасы
жеке
блог

Мереке күні болса да, мен жұмыста болдым. Клара тәте "орныма  шығып берші"-деген соң, бетін қайтара алмадым. Алғаш жұмысқа тұрғанымда, бірәз нәрселерді үйретіп еді. Өзі сондай ақкөңіл, ақжарқын жан.

Клара  тәтемен жұмысқа бірге түскенімде, үйінен пісіріп әкелген тәтті тоқаштарын жеп, шәй ішіп, әңгімелесіп, уақыттың қалай өткенін аңғармай қаламын.

Таңертең жұмысқа сегізде бардым. Мереке күні болғандықтан ба, күн тыныш өтті. Әйтіп, бүйтіп кеш те болды. Тәтем, қоңырау шалып, қайта бер, демал, қызыңды құттықта, түнде өзім шығам деді/менде қайдағы қыз, сезімдерім әлі де жауапсыз/. Заттарымды жыйнап, кіймімді ауыстырып жатыр едім, досым қоңырау шалып, үйіне шақырды. Досым- Әділ. Көптен бері жақын араласамыз. Бір ауданда тұрамыз. Қаланың баласы.Жазда бір-екі рет ауылға ертіп апарғам.Атқа мініп,  қымыз ішіп, аула тазалап, су тасып, ағаш кесіп,  жер қопарып, ауылдың тынымсыз тіршілігімен танысып қайтқан. Ауылға, үйге,  Әділді ертіп апарғанымда, анам Әділді барынша, қонақжай күтті. Тәтті, дәмдісін Әділдің аузына тығып,  бір тойдырды. Таңертеңгі шайда, анам, нанға майды жағып,  үстіне қантты сеуіп тұрып, досыма ұсынды. "Жеп-жеп ал, жер қопарасыңдар, әлсіреп,  құлап қалып жүрсең"- деп қалжыңдап та қойды. Анамың бұлай бәйек болатын да жөні бар. Мектеп кезінен менің достарым аз болды. Үйге тіптен,  ешкімді шақырмайтынмың.

Қалаға кетерімізде, етін, құртын, майын, айранын бір дорбаға нығап отырып салып, Әділдің қолына ұстатқан еді. Әділ,  менің анамды әлі есіне алып отырады. Мен Әділдің ата-анасын көрген емеспін. Үйіне барғанымда жұмыста болатын. Әділдің үйіне жеткенше, автобуста осыларды ойлап, анамды сағынып отырдым.

Есіктен досымның анасы қарсы алды. Жылы шырайлы, күлімдеп, төрлет деп, бетімен сүйіп, сырт кіймімді алды. Мерекесімен құттықтап, гүлім мен тортымды ұсындым. "Несіне әуре болдың"- десе де, қуанып қалды. Төргі бөлмеден әкесі шығып, аяғыма тәпшіке ұсынды. "Үй салқын, тоңып қалма"- деп. Әкесі екеміз, төргі бөлмеде хоккей көріп отырдық. Барыстың фанаты екен. Әділ дүкенге кетіпті. Ол да келді. Анасының дастарханы да жайылды. Әділдің анасы мені де, тойдырды.

 

"Же, же балам, жеп-жеп ал, ұялмай тамақтан алып отыр, мынаның дәмін көрші, іше ғой"-дәл  менің анам секілді. Әкесі байсалды, салмақты. Үстел үстінде қай елсің балам деп, ауылды сұрап, әкемді,  анамды сұрап,  танысып жатыр. Тез дайын болатын, дүкеннің тамақтарынан мезі болған мен, Әділдің анасының домашний тағамдарын жеп, ауылға деген сағынышымды бастым.

Жазба  Әділдің анасы жайында емес, менің тамаққа тәбетім жайында болып кеткен сияқты.

 

Ана деген сондай ғой. Баласын уайымдап жүреді, ауырып қалмадымекен, не жеп жүр екен, уақытында ұйықтап журмекен,, ,, ,,