Досым сені ұмытпаймын

Түн. Айнала жым-жырт. Адамдар терең ұйқыда жатыр. Қызық, қандай түс көріп жатыр екен! Ал, мен болсам,мен баяғыша сол ойлануда, жабырқаулы күйге ендім! Жұлдыздар жымыңдап, сәулесін шашады, бірімен -бірі арпалысып, жарысып жарқылдайды-ай, шіркін! Содан бері сегіз жыл, досым сенін өмірден кеткеніңе сегіз жыл болыпты ғой! Мен сен жайлы айтып жатырм, естисің бе? Кешір, досым уақыт зымырап өтуде, осы сәттерде сені есіме ала алмасам кешір! Бірақ мен сені ұмытпадым! Аллах көріп тұр ғой барлығын! жүрегімде кейде алданыш ойлар пайда болады. Сені дәл қазір ортамызда жүргеніңде қандай болады екенсің? Қаншама той, қаншама бас қосулар өтті. Ал, сен сол ортада жоқсың, тек қана бос орын! Міне, бүгінде тойдан келдім. Сен өте ақылды, өте жақсы едің. Сенімен бірге сол ауылдағы мақталықтың арасында қоян қуалап, ұстағаным есімнен еш кетпейді, сені сол кезде соңғы рет көрдім ау! Бақталасқан өмір сағымдалған жолмен бастап келеді! Алланың берген ризығына бөленіп жүруді, мейіріміне бөленуді ойлаймын. Алайда, кейде шалыс басамын! Досым мен сені ешқашан ұмытпаймын! Алладан сенің жаныңды жаннаттан қылғанын ғана сұраймын! Жатқан жерің жайлы болсын!

Достар! Ешқашан бірімізді-біріміз күндемейік. Бүгін келген қонақ, ертелі кеш қайтады. Сондай бізде өмірге келген соң, бір күндері қайтамыз. Досқа адал болайық. Жанған екі көзімізбен бәрін көре алсақта, жанымыздағы адамдарды көңілмен көре алмайтынымыз қиындау! Аллах жүрекке иман берсін!



Бөлісу: