Досым менің

Мақам менің. Досым. Сырласым. Ақылшым. Білесің бе сен ерекшесің. Басқасың. Сен иманды бәрінен жоғары қоя білетін адамсың. Сен әр нәрседен әдемілікті тауып аласың. Өзің сияқты әдемі гүлдерді өсіресің. Сен өзің әдемісің, сенің жасаған дүниелерің де әдемілікке толы. Сосын мен сияқтысың, қиялилау.  Мен сені жақсыыыы көрем.

Сен бәріне қамқорлық таныта білетініңе қызығамын. Ешнәрсеге бейжай қарай алмайтын сияқтысың ше.  Концерт, жиналыс, түрлі мереке, жиындардан қалмайтының тамсандырады. Сен пассивный емессің, сенің нағыз активистсің. Мақа, не ғой...саған массагет арқылы жазғым келді. Себебі массагеттіктердің барлығы сөзіме қосылатынына кәміл сенімдімін. Жақсы ұстазсын. Сенің оқушыларың дәлелдеп бере алатын болар осыны. Сен адал доссың. Себебі жақсылығымды асырып, жамандығымды бетіме айтып, таубама келтіріп те аласың. Мен сені жақсыыы көрем. Саған жақсы жар жолықса деп тілеймін өмірде. Тілеген ойларың, жоспарларың орындала берсін. Бақытты бол, алтыным.



Бөлісу: