Достықты бағалай білейік!

«Ағаш тамырымен,адам досымен мықты»,-деген аталы сөз бар қазақта. Шын мәнісінде де ке-келген адам баласының өмірінде үлкен рөл атқаратын шынайы достық сезімін өз басыңнан өткере білу,оны сыйластықта жалғастыра білу үлкен бақыт.Өмірге деген көз қарасы өзіңменен ұқсас,жан-дүниеңді ұғына білетін жанмен сыйластығыңды жалғастыру үшін адам бойынан шынайылық,адалдық қасиеттері табылуы тиіс. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ. Құлан-достар бөзіп шыққан қағынан
Құйып алып қызылынан, ағынан,
Көлгірсіп тост көтереді үйінде,
Сондай кезде балалықты сағынам!
Аңсайсың деп балалықты кең ірге,
Жүрегіме бере алмаймын әмір де?!
Үлкендерді көріп жүрмін досы жоқ,
Доссыз бала көрмеп едім өмірде!..
Қадыр Мырза Әлі

Шын мәнінде де ,бала кезінде адам баласының достары көп болатыны белгілі.Ал,есейе келе достардың саны ғана емес сапасы да төмендейді.Оның бірден-бір себептерінің бірі адам бойынан жоғарыда айтылған қасиеттердің жоғала бастауы.Сондықтан қанша жаста болмасын жан-дүниемізді жақсы қасиеттермен байытып отырайық. Досым саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен, - деп М. Мақатаев ақын жырлағандай достық деген адам өміріндегі қымбат сезімдердің бірі.Сол себепті қуаныш та болсын,қайғыда болсын жанымыздан табылар достарымызды бағалай білейік.Достарымыз әрқашанда көп болсын!



Бөлісу: