АРАДАН ТҮРЛІ ҚЫЛ ӨТПЕССЫН СӘТТЕР САЛҒАН СЫНАҚТА.ДОС ТАБУ ОҢАЙ ЖҮРЕКТЕС,ДОС БОЛУ ҚИЫН БІРАҚТА.
ЖҮРСЕҢ ДЕ АЛЫС, ЖЫРАҚТА,ЖАН ДОСЫҢ ЫЛҒИ ТІЛЕКТЕС.АДАЛ ДОС ЖАРЫҚ ШЫРАҚ ТА,АМАЛ ДОС СОНДА ТҮК ЕТПЕС. ҚОЛ СОЗҒАН БІРГЕ АРМАНҒА,ДОСЫҢДЫ ҚОЛДАП ЖҮР ДЕМЕП.БЕС КҮНДІК МЫНАУ ЖАЛҒАНДА,ЖАН ДОСТЫҢ ОРНЫ БІР БӨЛЕК. ДОСЫҢМЕН СЫРЛАС, ЖАНЫ ІЗГІ,БІР БОЛАМ ДЕСЕҢ ЖҰМАҚТА,БІРЛІКТІҢ ҰЛЫ РӘМІЗІ –ДОСТЫҚТЫҢ ТУЫН ҚҰЛАТПА! СЕЗІМГЕ СЕНІМ – ТҰҒЫР НЫҚ,АДАЛДЫҚ ПАРЫЗ ҮМБЕТКЕ.ДОС БОЛАМ ДЕСЕҢ ҒҰМЫРЛЫҚ,ДОСЫҢДЫ МӘҢГІ ҚҰРМЕТТЕ!
© Басықара Бексұлтан Полатбекұлы.