"Достық па әлде шындық па?..."

"Тәтті өтірікке қарағанда ащы шындықты" қалар едім. Бүгінгі күнде бір күн бар екінші күні жоқ болып кететін, жарасына дауа іздегенде ғана сен есіне түсетін адамдар қатарының саны өкінішке орай жетерлік. Әркім өзі үшін ғана күресетін қазіргі заманда өзіңнен өзге адал дос табу оңай емес деп ойлаймын. Көпке топырақ шашқаным емес, бірақ әркім өз басынан өткен соң ғана, өзі сол жағдайды бастан кешкен соң ғана сеніммен айта алады емеспе. Дөрекі айтқанда "бетіңе қарап күліп, артыңнан сөз ететін" міне, бүгінгі қоғамның ең басты міні.

         "Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын" деген ежелгі грек философы, логика негізін қалаушы Аристотель. Расыменде, бүгінде "адал достық" сөзі өзінің маңызы мен мағынасынан айырылып бара жатқан күнде, адамзат "шындықты" қалайды. Ол айтылар шындықтың өзі қаншалықты ақиқат екеніне ешкім сене қоймас. Бір сөзбен айтқанда "сенім" жоғалса, адамзаттың өзін-өзі жоғалтқаны. Сене білу қажет, "шындықты" ешкім өзгерте алмайды, түбінде "ақиқат" өз орнын табады.

Қоғам адаспайды егерде ақиқатты жақтаса,

Қоғам адаспайды егерде адал жолды таңдаса

Адамзат бет бұрар сонда ғана...

Адал достық пен риясыз шындыққа да.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы М.Дулатов ағамыз "Қазақта жазылмайтын бір ауру бар , келмейді мінін айтсаң жаратқысы." деген, әр адам өз бойындағы мінін түзетсе, қоғам түзеледі. Ал, мін болмай сын болмайды, сынсыз адам өзгермейді. Сынды көтере біліп, жақсы жаққа өзгере біліп, шындыққа берік досқа адал болайық! 


Бөлісу: