Достық - бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық!

Достық - бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық!
жеке
блог

Достық- адамдардың бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көз қараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Достардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық немесе шабандық, екіншісінде тұйықтық немесе жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Достық- көп қырлы қасиеті, сондықтан бірер сөбен оның толық анықтамасы беру мүмкін емес. Жолдастарымен бірге істеген іс, жүрген жол, мойынға алған міндеттеменің өзі де қызықты. Әсіресе, балалық шақта адам дос-жолдасқа кешірімді келеді, өкпесі ұзаққа бармайды, бірін-бірі керексініп, іздеп тұрады. Достық- ешбір нәрсемен бағаланбайтын құндылық!