Достық адамның қартаюын тежейді
жеке
блог
блог
Қоғаммен қарым-қатынас жасап, өзге адамдармен көп сөйлескен адамның қартаюы тежеледі екен.Бұл тұжырымды АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университеті ғалымдары жасап отыр.
Зерттеушілердің сөзінше, адамның өзгелермен достық қарым-қатынасы мидың қартаюын тежейді екен.
Сонымен қатар, жақсы әлеуметтік орта Альцгеймер және Паркинсон секілді күрделі нейродегенеративті аурулардың өршуін төмендетеді. Арнайы зерттеу көрсеткендей, 80-96 жастағы денсаулығы жақсы қарттардың бірнеше достары бар және олар қоғаммен жақсы араласады екен.
Ғалымдар сананың қартаймауы үшін достықтан бөлек: дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, жақсы қызмет саласы секілді бірнеше факторлар әсер ететінін атап өтті.