Сәлем массагет халқы! Сіздермен бөліскім кеп тұрғаны-ай...)) Жуырда достарымызбен Есік көліне саяхат жасадық. Көлдің суы тұнып тұр, табиғаты керемет жер екен. Қарасаң көзің тойғысыз...Достарымызбен, нақтырақ айтсам маңғыстаулықтар болып бас қостық. Көптен көрмеген достарымызды көріп, қатты қуандық... Жарайды, көп созбайын, суреттер сөйлесін:
Бәріміз бас қосқанда...
Алыстан түсірілген сурет
Картинаның ішіне кіріп кеткендей болдық...
Доптың соңына түскен жігіттер мен ...
қыздар...)))
Мафиясың ғой иә? Шамасы көзбен атып жатыр біреуді...)))
Жігіттер кәуап дайындап жатыр...
Бізден тығылып суретке түстіңдер ма?)))
Біз де түстік...))))
Загар алғысы келмегендер...)))
Көл керемет...
Мына қыз кім екенін танымадым...)))
Табиғаты тамаша жер екен...
Қорытынды ретінде "Қазақ осы" термесі орындалды
Тағы да біз...)))
"Кетпестен бұрын естелікке суретке түсейік, достар...)))"
Шат шадыман көңілде бір күннің қалай өтіп кеткенін байқамай да қалдық. Гитара мен домбыра жиынымыздың сәнін келтірді. Күйлер шертіліп, ән, термелер орындалды. "Қызыл ту" деген ойын ойнадық...)) Ол туралы мен бұрын білмейді екем. Айтпақшы, мафиялар мықты екен :)) Отырысымыздың соңында бір-бірімізге игі тілектерімізді айтып, осындай жиындардың көп болып тұрғаны жақсы деген ізгі ниетімізді білдірдік. Әдемі тілектерден соң, бір-бірімізді қимай тарастық...