Достар,бәріміз жиыла концертке келеміз!!!

Массагет ауылының тату да ынтымақтастық сақтаған тұрғындары! Сіздерге айтар тағы бір жаңалығым бар." Әуелі барлықтарыңыз бірауыздан "Ия,келісеміз" деп айтыңыздар",-дееееп еркелеп тұрсам қалай?! Жә-жә! Олай емес,бірақ қарсы емеспін....


Қысқасы,әңгіме былай. Алдағы қазан айының 11-ші жұлдызында кеше ғана жазбамда таныстырып өткен жас әнші Әлішер Қайратұлы мен сахнада біраздан бері жүрген "Қыран" тобының бірлесе  "Алматы түні" атты ән кеші болмақ.  Кеш Студенттер сарайында кешкі сағат 19:00-де басталады.  Кеш қонақтары Танымал Эстрада Жұлдыздары. 


Ендігі сіздердің жұмыстарыңыз- барлықтарыңыз қол ұстасыыып, жігіттер қыздарымен,қыздар жігіттерімен /"ощм" сүйіктілеріңізбен/ ,ал мен сияқты бойдақтар құрбыларын я әпке-сіңлісін, аға-бауырын,туған-туысын ерте келеміз. Сөйтеміз де әдемі кештің әп-әдемі қонақтары боламыз. 

Қорықпаңыздар,КІРУ су ТЕГІН. Қазына айтқан деп "есікті теуіп кіруге" мүмкіндік мол)))


Әзіл-әзілмен,талабы мықты,өздерін таныстыру мақсатында осындай кешке қазірден тынбай дайындалып жатқан жігіттердің үмітін ақтайық,залды толтырайық. Ары қарай әдетінше өздеріңіз сынай бересіздер. Онсыз да сынау- "біздің жұмыс қой")))


Айтқандай,шынымен теуіп жүрмеңдер тағы...



Бөлісу: