Достар мынаған қараңыздар! Мәрт жомарттық деп осыны айт!

"Нұр Астана" газетінің Айбын Ақпатша есімді тілшісі "Нағыс мұсылман деп осыны айт!" атты мақаласына бей-жай қарап қалмадым. Өте қызық әрі жаңалығы жүрегіңе мейірім шуағын оятады екен.

 

"Шешенстан астанасы Грозныйдың көшелерінде жүрген мына бір маршрутты шағын автобус жұртшылықты таң-тамаша қалдыруда. Автобустың кіреберіс маңдайшасында жолаушыларға анық көрінетіндей етіп былай деп жазылған:

– Қарияларға, балалар мен мүгедектерге, сондай-ақ ақшасы жоқтар мен ұмыт қалдырғандарға жолақы тегін.

 – Сондай-ақ жерлеуге, зиярат етуге, рузбан намазына, ауруханаға бара жатқандарға, қажылық жасағандарға жолақы тегін.

Ешкімге ештеңе түсіндірудің керегі жоқ – түсіп жүре беріңіз!

 Қайырымды «маршрутка»-ға мінген жүргіншілердің бірі оны суретке түсіріп алып, ғаламторға салған екен. Бірнеше сағаттың ішінде фотосурет әлеуметтік желіні дүр сілкіндіріп, микроавтобус жүргізушісі миллиондаған алғыстың астында қалды.

 Әлеуметтік желіде жазылған қисапсыз комментарийлердің кейбірін біз де тілге тиек етейік:

 «Супер-маршрутка!». Біздің қаламызда да болса ғой, шіркін!»

 «Мұндай иманды жүргізушіге ақшасы бар жүргіншілер екі есе көп төлесе де артық етпейді!»

 «Нағыз жігіт деп осыны айт! Біздің олигархтардың түсіне де кірмейтін жомарттық.

 «Жүргізушінің есімі – Мұса. Мен сөйлестім ол кісімен. Әлемді сақтап тұрған Мұса сияқты қайырымды адамдар деп ойлаймын!»

 «Міне, нағыз мұсылман» Мұса бауырым, саған және отбасыңа Алла жар болсын! Жасаған қайырымдылығыңыз үшін мың есе көп сауап тілейміз!»

 "Адамдарға осындай кішкентай ғана қайырымдылық жетпейді. Рахмет сізге!»

 «Молодец! Осыдан кедейленіп қалмасы анық. Есесіне күн сайын қаншама адамның алғысын арқалайды! Жігіттер, Мұсаның автобусына міне қалсаңдар, «сдача» сұрап жүрмеңдер.

 Мұсаның «маршруткасы» туралы жазылған дүние кездейсоқ көзіме түсті. Шынында, адамдарға қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлау үшін көп нәрсенің керегі жоқ екен-ау деген ойға қалдым. Адамдардың алғысын арқалау үшін міндетті түрде миллиондаған ақша, мал-мүлік қажет деп ойлау қателік екен. Жақсылық жасау үшін ең керегі – ниет қана! Мұсаның «маршруткасын» көргендер оны жақсы біледі".

Айбын АҚПАТШАНұр Астана

Міне нағыз жақсылық деп осыны айт!



Бөлісу: