“Доссыз өмір жоқ”

“Доссыз өмір жоқ”
жеке
блог

дос таба білу- ерекше жастық шақтың айрықша белгісі. Достықтың негізі- мақсатының бірлігі, бірін біріне деген сенім мен адалдық, шыншылдық, рухани көзқарастың ұқсастығы, өзара байланыстардың, қызығушылықтардың бірлестігі мен байланысы, беріктігі деп білемін. Негізі, өскен сайын “достық” сөзінің қадірі асып, шын мәнінде мағынасын толықтай түсіне біледі екенсің. Достық-адамға шабыт қосып шабыттандырады. Өмірінің жарқын естеліктері мен бейнесінің айнасы болып мәңгі есінде қалады. Жақында, “оңашада досыңды кінәла, жұрт алдында мақта” деген сөзді естідім. Дос деген, тек қана бетіңе күліп қарап “сен жақсысың!” деген сөзді айтатын адам емес, керек кезінде сабаңа түсіріп, керек кезіңде абыройыңды көтеріп, керегін істеп алатын, ең жанашыр адам дер едім.Көптеген сәтсіздіктер тіпті адам өміріндегі трагедиялар- адамның жанының қиналған сәтінде қолдпу білдірер, көмек қолын созар шынайы достың табылмағандығынан болатынын түсінуге болады. Қиын жолдарда бірге өтіп, өмірдің соқпақтарынан сүрінбей, кедергілер мен қиындықтарда көмектесетін, ұлы сезім-достық екені айтпаса да түсінікті.Достық- досы көтере аомаған қиындықты өзі көтеруге дайын тұру. Егер адамдардың арасында осы қасиеттер негізделмесе, мен оны достық деп санамас едім.Жақын адам (яғни дос) кемшіліктерін анықтау, оған талап қоймай, болмашы ісін дәріптей алу-ЖАЛҒАН достықтың белгісі.Өтірік жақтап, сырттан басқаша сөйлейтін, бетіңе күліп тұрып, кемшіліктеріңді келеке қылатын адам жалған дос. Жалған достықтың сол адамға да, қоғамға да әкелер пайдасы жоқ, тек өзіне деген сенімі төмен, жеке басын жоғалту деп аяқтар едім.

“Менің достарым көп” деп кішкентай бала сияқты аттарын атап, түстерін түстеп отырғым келмйді. Дегенмен, ең ұлы сезім жайлы жаным тебіреніп жазған сөздерімнен жақын досым жоқ деп айтар ма едіңіз? Бір күні өздері оқитын болса, түсінер.