Доссыз өмір бос.

Доссыз өмір бос.
жеке
блог

Қазіргі уақытта саяси саxнада болып жатқан оқиғаларға байланысты адамгершілік, мейірімділік пен достық мәселесі өте өзекті болар. Осы қатал заманда бір-бірімізге қол ұшын созып, бойымыздағы тек жақсы қасиеттерді жетілдіруіміз қажет. Менің ойымша, әр адамның өмірінде достың орны ерекше. Дос деген кім? Бұл сұраққа мен былай жауап берер едім. Дос деген өзіңмен күліп, өзіңмен жылайтын, жаныңа сондай жақын адамдардың бірі. Қиын жағдайда қасында болатын, әрдайым көмекке келетін, бізді сөзсіз-ақ түсінетін достарымыз ғой. Қызықты сәттерді бірге өткізгенде өзімізді бақытты сезінеміз. Менің достарым- екінші жанұям сияқты. Ойларыммен, қуаныш-қайғылармен әрқашан достарыммен бөлісемін. Сонда достарымның қандай ақылды, ақкөңіл, адамгершілігі мол жандар екенін байқаймын. Айтқан сөздері, берген кеңестері әрқашан өте орынды және пайдалы. Бәрі сенен бас тартса да, нағыз дос мұндайға бармайды. 

Жалған достық та бар, оның арты жақсылықпен бітпейді, әрине. Бірақ шынайы, пейілі таза дос тапқан адам әлбетте бақытты. Енді мен де өзімнің достарыма деген сезімімді, шексіз алғысымды жеткізгім келіп отыр. Жақындарымызды ұмытпайық, алыста жүрген жолдастарымызбен қауышып, бір-бірімізге адал дос болайқ!