Қымбатты, Дос! Арада аз күн өтсе де сыйлас, сырлас бола біліп, қызық-қуанышы мол күндерді бірге өткізген екенбіз. Міне, енді қоштасар сәтте келіп жетті. Массагеттің есігін ізгі ниетпен ашқан соң із-түзсіз кеткенге арым жібермеді, жылы лебіз білдіре отырып жөнімен айырылысқан да дұрыс шығар. Әрдайым бірге болғым-ақ келеді, оған мүмкіндігім тым аз екен. Бұдан серттен тайды, ант бұзды деген ой тумаса керек. Расы сол, «біреудің жүрегін жаралап, көңіліне тиіп қалам ба?» деп қимай кетіп барамын. Айтарымды қатты айтам, еркелетсем де солай, еркелесем де солай. Өйткені, мен өз елімді, өз жерімді шын сүйген, мәңгі ғашық болған жан екенмін. Мен – тіл маманы, филолог не журналист емеспін. Тіпті, гуманитарлық ғылымдар тұрмақ жаратылыстану ғылымдарына да менің алған мамандығым, пәнім мүлде сәйкес келмейді екен. Сондықтан, жазбаларымда, мінезімде артық, кем тұстар болса кешіріммен, түсіністікпен қарарсыз деген үміттемін. Қайыр-хош, сау-сәлематта болыңыз!