Досқа хат

Досқа хат
жеке
блог

«..Осы болды тағдырымның талқысы,
«Кімсің?» - дейді жер шарының бір тұсы.
Уақытты кертіп жеуден мүжілген
Қарт Сауалдың әжімінің әр тісі..»
Светқали.

Кім едім мен?
Қайда барам? Кім болам?..
Арман, әне, биікте қол бұлғаған.
Жүрек, міне, аға түгіл қастың да
Жынды сөзін тыңдаған...

Дидарынан бір көре алмай жылылық,
Жүрек сөзім көмейіме тығылып,
Қозған нәпсі қақпанында қансырап
Қайтем сені зар илеген «ұлылық»?

Құдай, Уақыт, Ар бәрі де тұр бағып,
Басын иген мен Құдайға бір ғаріп.
Ауылымда ер бар еді кезбелеу
Кеткен шығар осы күні жынданып...

Ер бар еді сұрамайтын «кіммін?» деп,
Мен сұраймын көңілімде мұң бүрлеп.
Жанарыма жасырынған уақыт
Жүрек қылын жұлып жатыр бір-бірлеп.

Кіммін өзім?
«Досқа қарап біл» деуші ед,
Жүрген шығар ол досым да жырды өлшеп.
Мен үшін сен жақсы болшы, сен үшін
Мен тәуір боп, сүйенішпен күн кешсек.

Өмір сүру кейде қиын...
Кімге оңай?!
Жүрсек, шіркін, сөзімізді бұлдамай.
Кәрілік те келе жатыр, Құдайым,
Бір бағасыз өтіп кетер жылдар-ай.

Өкінбестей ғұмыр кешсек шуақта,
Опынбастай тірлік етсек жырақта.
Саған арзу сұлу шәріден жолдадым
Ақын емен бірақ та!