“Дос есебі көңілден”

“Дос есебі көңілден”
жеке
блог

Жүргендер көп достық атын малданып,

қалмағайсың сенде бірде алданып.

Дос-адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Дос адамның айнасы іспеттес.Себебі адам өзі қандай болса дәл сондай өзіне,жанына жақын болатын адамды іздейді.Жалпы өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынасты сақтай білу өте маңызды әрі екінің қолынан келе бермейтін іс. Өйткені біз әрдайым досқа,достыққа мұқтажбыз ,әрі ол ешқашан көптік етпейді. Қазақ ақыны,драматург,халық жазушысы Мұхтар Шахановтың:

“Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!”

деген жолдар арқылы достықтың қандай дәрежеде бағалағанын білуге болады.Расында, “достық” ұғымының өзі халық арасында да бұл сөз бұрыннан-ақ аса қадірлі құрметке ие сөз. “Адамды досына қарап таны”,”Доссыз -өмір тұл”,”Дос -ажарың,Жолдас-базарың” -деген халық мақал-мәтелдері бекер  айтылмаған. Негізінен , достықтың берік бұзылмас тірегі сенім мен адалдық деп білемін.Өмір болған соң бірде күлеміз ,бірде қайғырамыз. Көңілің жабырқағанда ,қасыңнан табылатын, барынша көмегін беріп,көңіліңді көтеруге тырысатын асыл адамның бары кереметкой. Қорыта келе, “Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа” дегендей досымызға адал ,достығымызға берік болайық. “Ағаш тамырымен мықты,Адам дос-жаранымен мықты ”демекші досымыз  өзімізге лайық адам болсын!