Оскар Уайльд үздік шығармасы «Дориан Грейдің портреті». Шедевр! Алғашында кей жерлеріне түсінбей, кей сөздеріне келіспей, кейіпкерлері есімдерін шатастырып отырғаныммен, ішіне еніп кеткен соң, шыға алмай қалдым. Ағылшын киноларын көргенде де мұндай керемет әсер алмаған шығармын. Өмірге деген көзқарасымды түбегейлі өзгертіп, 360 градусқа төңкеріп тастамағанымен, қалыптасқан пікірлеріме, ойларыма аздап әсерін тигізді.
*** - Адамдар осы неге тұрақталықты сүйеді екен! – деп бұрқ етті лорд Генри. – Құдайым-ай, тіпті махаббатың өзінде де тұрақтылық шартты дүние. Ол тән қалауының тұтқыны, біздің ұстанымымыздың белінен басып жүре береді. Жас жігіттер адал болғысы келеді – бірақ олай бола алмайды, кәрілер көзге шөпті қуана-қуана салғылары келгенімен, бірақ қайдағы, кіммен.
*** Кереметтің ар жағында бәрібір бір құпия жасрынып жатады. Әулеттегі ең аяулы адам дүниеге келу үшін кейде оның маңдайына ауыр тағдыр жазуы да ғажап емес.
*** - Мен кітап оқығанды тым жақсы көрем, мистер Эрскин, сондықтан да оны жазғанды ұнатпаймын. Әрине, роман жазсам жақсы болар еді, керметтігі парсы кілемінен артық, әрі соншалықты қиял-ғажайыпқа толы болса. Бірақ біздің Англияда тек газеттер, энциклопедиялық сөздіктер мен оқулықтардан басқа ештеңені оқымайды.
*** Ең жақсысы тіпті де үйленбеген, Дориан. Еркектер жалыққанан үйленеді, әйелдер күйеуге қызық көріп шығады. Неке екі жақтың да көңілін қалдырады.
*** Меніңше, әйелдер екі түрлі болып келеді: боянбаған, боянып алған. Біріншісі бізге көбірек пайдалы. Егер өзіңізге деген көзқарас қалыптастырғыңыз келе қалса, осындай бір әйелді кешкі ас ішуге шақырсаңыз болғаны. Екінші түрі өте тартымды. Бірақ олар қателікті қайталай береді, яғни жақсырақ көріну үшін ғана бояна береді.
*** Ғашықтық алдымен өзіңді алдаудан басталып, ақырында біреуді алдаумен аяқталады. Міне, осыны махаббат деп атайды.
*** Ал мен ешқашан біреуді жақтап немесе даттап көрген жан емеспін, бұл мынау шым-шытырық өмірде тіпті керегі жоқ нәрсе. Біз бұл жалғанға моральдық ұстанымдарды уағыздау үшін келгеніміз жоқ.
*** Махаббат қайталаулардан тұрады. Тек қайталанған дүниелер ғана жай нәрсені өнердің туындысына айналдырады. Оның үстіне, әр сүйген сайын, бірінші рет болғандай сүйесің. Ынтықтықтың нысаны өз болмысы ешқашан өзгермек емес. Айналадағы өзгерістер оны тек күштірек ете түседі. Өмір адамға тек бір ғана керемет сәтті сыйға тартады, содан да бақытты болудың құпиясы тек біреу, ол осы сәтті қайта-қайта әрі жиірек сезінуден тұрады.
*** Қымбаттым менің, ауылда барлығымыз да момақан бола аламыз, өйткені онда жаныңды арбар ештеңе жоқ, - деп күліп қйоды лорд Генри. – Сол үшін де қаладан тыс тұратын жерлерде өркенеитке жанасу оңай іс емес. Ол үшін екінің бірін таңдауың қажет: мәдениетті немесе ар-ожданнан айырылуды.