Дорама деген не? Ол несімен қызық?
жеке
блог
блог
Дорамағызбын)) Иə, иə, кəдімгі кəрістің қыли көз əртістері ойнайтын сериалдарды сүйіп көрем! Гугл көкем айтады: "дорама-жапон елінің телехикаясы. Кейіннен оны кəрістер, қытайлар,тайваньдықтар да түсіре бастады. Ол ағылшынның "drama" сөзінен шыққан" деп. Дорамаға деген мəхəббəтім сол баяғы елдің сүйікті арнасына айналса да, бізге белгісіз себептермен жабылып қалған Еларнадан көрсетілген "Ыстық ұя" мен талай қыздың жүрегін жаулаған "F4-тен" басталған еді. Бұл екеуін көрмеген қыз кем де кем. Өзгені қайдам, мен үшін бір кездері атағы аспандаған Ли Мин Хо əлі күнге дейін Оңтүстік Кореяның келбеті іспетті. Түсірген туындыларын алыс-жақын шет елге ұсынатындықтан, кəрістер əртістеріне жоғары талаптар қояды. Сондықтан болар, дорамаларындағы кейіпкерлер кез-келген көрерменді еріксіз баурап алады. "Баурап алады" демекші, осы тұста жалпы дораманың өзіне ғана тəн ерекшеліктерін тізбектеп жіберейін:
Біріншіден, дорама-көбінесе сағызша созыла бермейді, орта есеппен 16 серияға бүкіл оқиғаны сыйдырып жіберетін қабілетке ие. Небəрі 16 бөлім сізді жылата да алады, күлдіре де алады, қуанта да алады. Ощым, түрік пен үнді сериалдарынан бірнеше мың есе жақсы деп ойлаймын.
Екіншіден, əдемі əртістер, əдемі əуен, əдемі өмір жəне хэппи энд(көбінесе). Əдемілікке құмар емес қыз жоқ шығар, иə? Дорамадағы "əдемілікті" көріп отырып бір сəтке қиялдап, ойша саяхаттап та кетесің. Ал соңындағы басты кейіпкерлердің бақытты да баянды аяқталған өмірі көрерменге де жағымды əсер сыйлайды. Керемет емес пе?!
Үшіншіден, эмоция мен мимикаға ерекше назар аударылады. Біздің қазекеңдердің киносында жетіспейтін эмоцияны осы дорамалардан табасыз. Əртістің бетіне қарап отырып-ақ бəрін түсініп қоясыз, кейде тексттің қажеті де болмай қалады.
Төртіншіден, кəріс дорамаларынан қазаққа жақын дүниелерді байқауға болады. Үлкенді сыйлау, келін мен ене арасындағы қарым-қатынас, ер жігіттің басымдылығы деген сияқтылар. Бұдан бөлек, "Тəуекелдің 16 жасар қызбен сүйіскеніне" шок боп жүрген қазақтарды ойлап, ыңғайсыз кадрларды түсірмейді(көбіне). Кейде маған солар кəрісше сөйлейтін қазақтар сияқты көрініп кетеді))
Бесіншіден, дорамалар комедия, драма, мелодрама, спорт, мектеп, фэнтези, ғажайып, сұмдықтар, мистика және тағы да басқа жанрларда шығарылады. Әр адам өзіне жағымды, өзі ұнататын жанрды таңдай алады. Бірақ ең танымал жанр бұл, әрине, романтикалық жанр. Дегенмен, "талғамға талас жоқ" дегенді ескереді түсірілім тобы.
Кəріс сериалдарының бар "құдыретін" түсіндіре алдым деп ойлаймын. Келесі жолы Топ-10 дорамалар тізімін паш-паш етіп жіберсем деймін. Айтпақшы, дорамағыздар, "Алые сердца Кореның" екінші бөлімі қашан шығады, білмейсіңдер ме?