Дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел өтті.
жеке
блог

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ардагерлер кеңесімен бірлесе Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына орай «Біз қазақ – бейбіт елміз!» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. Жиын барысында «Қазыбек би» қоры төрағасының кеңесшісі Жамалбек қажы Сыдықов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ардагер, журналист Ертай Бекқұл, қоғам қайраткері Бағдат Шәйменов, Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім беру ісінің үздігі, полковник Ұлықпан Бәшенов, Мәртөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбай Әтенов сынды зиялы қауым өкілдері дала данышпанының тарихи бейнесі, қайраткерлігі, шешендігі, қалдырған мұрасы жайлы баяндап, жаңа қырынан танытты. Қазыбек бидің  тарихымызда және біздің еліміздің заңдық жүйесінің құрылуындағы рөлі туралы әңгіме өрбітті. Семинарға облысымызға белгілі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ғалым-оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.