Дональд Трамп өміріне қызығушық танытатындар үшін
блог
Обамадан кейінгі АҚШ-ң 45-ші президенті 70 жастағы Дональд Трампты алда улкен карьера, бизнес күтіп тұр.
Нью-Йорктағы 58 қабатты Trump Tower алғаш рет Дональдтің әлемге танылуына өз әсерін тигізген болатын. Кейінгі Трамптың жобалары өз есімімен аталып кетті. Trump Parc, Trump Palace, Trump Plaza, Trump park avenue.
Бес балалы Трамп бүгінгі күні Мелани Клауспен некеде. Forbes бизнесмен жағдайын 4,5 млн долларға бағалап отыр. Әлем бойынша бай 324 бизнесмендердің ішінде Трамп 113-і орынға ие. Бизнесмен және «Исскуство сделки», «Выживание на вершине», «Исскуство возвращения», «Как стать богатым» атты бестселлер кітаптарының авторы. Жазушылық пен продюсерлікті қатар алып жүрген Трамп «Мисс вселенная», «Мисс США» жобаларының жетекшісі. 2005 жылы өз атынан брэнд киімді сауда айналымына шығарып, кейіннен Trump home атты маркамен үй тауарларын бизнес көзіне айналдырды.
Өзінің бір сөзінде Трамп: «Обама маған мұрагерлікке АҚШ ішінде және әлемде «былық» қалдырып кетті. Бұл тек билік үшін талас емес, мемлекет экономикасына да қатысты» - дейді президент.
«Еліміздегі жұмыс орындары жоғалып барады, жалақы төмен. Ел ішіндегі және өзге елдермен қарым-қатынас тұрақсыздығы. Қайа бет бұрмасаңда – Таяу Шығыс, Солтүстік Корея. Бірақ біз барлық жағдайды қарастырып, реттейміз» - деген сөздер халыққа үміт сыйлайды.
Елдегі «былық» Трамптың көңіл-күйін түсірмейді. Керісінше, өз жұмысын ынтамен атқаруға жетелейтін көрінеді.
БАҚ көздеріне көңіл аударсақ, Обама мен Трамптың арасындағы толассыз соғыстың жүріп жатқандығын байқаймыз. Обама өз қызметінің соңғы сағаттарында палестинаға 211 млн доллар аударуға бұйрық берген болатын. Жақында Трамп осы қаражатты аударуды тоқтатып тастады. Бұл қаражат Палестинаның ішкі саясатын ретке келтіру мен қауіпсіздік жағдайын жақсарту, мемлекеттің аяққа тұрғызу мақсатында жұмсалған болатын. Американдық заңгерлердің қарсылығына қарамастан Обама өз дегеніне жетті. Алайда, Трамп не себепті бұл шешімге келісімін бергендігінің өзінде бір саяси жеңіс жатқан секілді.
Бірбеткей Трамптың АҚШ – ты қалай, қаншалықты, қашан гүлдендіреді деген сауал саясатқа қызығушылық танытатын барша адамзат баласын қызықтырмай қоймайды.