Домбыра Пати (жеке пікір)

Мен үшін Домбыра Party «Блогкэмп-2013»-пен тығыз байланысты. Блогкэмп болады деп Фэисбукте-да (бұдан әрі ФБ) жариялап, ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілген тұста «Блогкэмп-2013»-тің бағдарламасында «Домбыра Party» деген бөлім бекітілген болатын. Алғаш осылай танысқан бұл шараның Қазақ қоғамы үшін "үлкен рухани азық" екенін сол кезде сезінбеген болатынмын.

Алғашқы Патиге де осы «Блогкэмп-2013»-те куә болған едім. Домбыра Partyден алғаш алған әсерім. «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде, жастардың жазғы би алаңына арнап салынған орында, кешке, ортада арнайы жағылған «отын алауы», айнала қоршалап, еліміздің әр облыстарынан жиналған блоггерлер (маған бейтаныс адамдар көпшілігі, бірақ өте көңілді орта), бәрінің назары «Домбыра Party»-ды жүргізіп отырған Маралбекте . Макең, бұл шараның мақсаты, қоғамға қажетті дүние, атамыз Қазақтан рухани мұра екенін түсіндіріп, кезекті ән орындаушыға беріп отырды. Бір қарағанда, әріге бармай-ақ қояйын, ХІХғ. ұлы ағартушы тұлғалар заманы, мысалы ұлы ақынымыз Абайдың заманы көз алдыма елестеді. Кешқұрым, жайлауда, айдың жарығында тойға жиналған жастар, ортада Алтыбақан құрулы, бір басында қыздар, бір басында жігіттер бастап, кезегімен ән айтып тұр. Қыз бен жігіт айтысы, сәл арыда «Ақсүйек» ойнап жүрген бір топ қыз-жігіттер, сыңғырлаған қыздардың күлкісі, қушаң жігіттердің әзілі. Осы сияқты дүниелер көз алдымнан бір сырғып өтті.

Қазақтың эстрадалық әндері мен әншілерін (Қайрат Нұртастан басқасы) тыңдайтынмын. Мейрамбектің термелері хит болған жылдары, терме тыңдап, «Адай» күйін (сірә, сүйіп тыңдамайтын бір қазақ жоқ шығар, мәңгілік туынды), соныен бірге Асылбек Еңсеповтың орындауындағы күйлерді тыңдайтынмын. Алғашқы Патиден домбыраның күмбірлеген дауысын тыңдап, ерекше патриоттық сезім кернеп, қасиетіңнен айналдым қара домбырам деп тізерлейтіндей әсер алды айта алмаймын. Бірақ, "құптарлық дүние, жақсы бастама, көп қазақтар сияқты бір кісідей халық арасында таралу керек" екен деген ой туындады.

Блогкэмп аяқталып, уақыт өте келе, ФБ-да «Домбыра Party»-ге арнап парақша ашылып, кеңінен насихаттала бастады. Оған еліміздің әр өңірінен үн қосып, Пати дауысы бейнебір ФБ-да жаңалықтар бетін жаулап алды. Өзім оңтүстік тұрғынымын, бірақ қашанда белсенділер қатарында жүретін Шымкент осы «Домбыра Party»-де сылғырлық танытты. ФБ-лық әріптестеріміздің Пати туралы жазбаларын қызыға оқығанымызбен, көзбен көріп, куә болмағандықтан үн қоса алмай дал болдық. Осы аралықта Садық () және бірнеше ФБ-лық белсенділер бір пати ұйымдастырған болатын. Оған қатыса алмаған едім.(ақпарат жетпеді). Бірақ, екінші «Домбыра Party»-ді асыға күткеннің бірі болдым. PS. Бүгін 15.06.2013ж Шымкент қаласы, Абай паркінде сағат 20-00 де «Домбыра Party» өтетіні туралы ақпаратты алдым. 



Бөлісу: