Наурыздың алтысы, Қарағанды қаласында «Таир» сауда үйінде Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Жас журналистер» клубының ұйымдастыруымен «Домбыра party» өтті. Мақсаты — қазақтың дәстүрлі, екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабын насихаттау. Қара көзділердің басын қосып, рухани демалу.
Шараға Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен «Болашақ» Академиясы, Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қатысты. Өнерге жаны ашитын тұрғындарымыз белсенділік танытты.