Оқу жылының басында оқытушымыз кез-келген бір жоба жасауға тапсырма берді бәрімізге. Қандай жоба алсам екен деп ұзақ ойландым.
Домбыра пати өтеді дегенді емес, өтті дегенді естіп өз көзіммен көруді армандап жүрген едім, "соны өзім неге ұйымдастырмасқа?" - деген ойда қалдым.
Техникалық университет болғандықтан шығар, тілімнің жағдайы жақсы емес бізде, қоғамдық шаралар аз өтеді, өткенмен де ана тілімізде емес...бойындағы өнерін жарыққа шығара алмай жүрген талай құрбы-құрдастарымды білем. Солар сияқты, мен сияқты рухани азық іздеп жүргендерге таптырмас жиын болсын деп Домбыра патиды ұйымдастырдым. Келушілер көп болды дей алмаймын(жарнаманы дұрыс жүргізбеген өз қателігім), дегенмен тым жақсы отырыс болды. Мықты болмасақ та білгенімізді шертіп көрдік, домбыраның құлағында ойнайтындар күмбірлетіп күй орындады. Соңынан шағын "фуршет" болды.
Бүгінгі бастама, ертең жалғасын тапса екен деген тілегім бар..)