2017 жылдың ақпан айында Ресей Федерациясында "өлімге бастайтын" Синий кит жобасы жөнінде сөз қозғала бастады. Небәрі бір жылдың ішінде 20 жасөспірім өлімі тіркелген. Ал, алдыңғы жылы "Новая газета" басылымында аталмыш ойынның құрбаны болған 130 жасөспірім мен кішкентай балалар жөнінде мақала жарияланды. Негізгі мақсат 50 күн бойы ойыншыға азапты тапсырмалар жіберіліп, соңы адам шығынымен аяқталу. Бұл ойын жақын ТМД елдеріне тарап, Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қоймады. Біз көппіз деп көкірек қақсақ та жақындарымызды мұндай қауіптен арашалап қала алмадық. Адам шығынына жол бердік. Өкініштісі, әлі де болса бұл ойынды жалғастырушылар бар. Ал, рухы биік, ұлтын сүйген азамат мұндай ойындарды ойлап табар ма еді? Ұлтқа қауіп төндіретін психологиялық тұрғыдан мүгедек жандарға шара қолданылып, қоғамнан аластатылуы тиіс, меніңше...
Жамандыққа жаны құмар жандарға жауап ретінде 50 игі іс жобасын ұсынып отырмын. Мұхит түбіне түсіп көк киттің азығына айналамын демесеңіз, бұл жануардың жан пендеге тигізер зияны шамалы.Ал енді жобаға оралсақ , "Добрый кит-50 күндік игі іс". Мақсаты-қоршаған ортаға мейірімділіктің, рақымшылдықтың, жомарттықтың нұрын шашу.Мәселен,1-күн "Бір күндік түскі асыңды көмекке зәру жанға сыйла". 2-күн "Асыға күткен көктем қарсаңында, терезенің алдына бір үзім нан қойып, торғайларға қолқанат бол" . 3-күн "Жылына бір рет тек айтулы күндерде хабарласып тұратын жақындарыңа қоңырау шалып, амандығын тілейтіндігіңді айт". Бұл тізімді тоқтаусыз жалғастыра беруге болады. Себебі, жақсылықтың ерте,кеш, аз немесе көп деген анықтамалары жоқ. Ал сіздер қандай пікірдесіздер?