Дінтануда қазіргі заман тенденциялары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия ғылымының докторы, профессор Мұханмадияр Орынбековтің 75 жылдығы және Халықаралық толеранттылық күніне арналған «Дінтанудағы қазіргі заман тенденциялары. Постнормальды кезең мәселелері: антропологиялық дискурс» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияцы өткізілген болатын. 

Айтулы шараны білім ордасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-мен бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған отандық және шетелдік белгілі оқытушы-профессорлар, ғалымның жақындары мен білім алушы жастарының қатысуымен өтті.

Ғылыми басқосу ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтау сөзімен ашылды. Хатта Мұханмадияр Серікбекұлының ғылым жолындағы еңбегі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тікелей байланысты екені айтылып, ғалымның қазақ философиясы мен дүниетанымына қосқан сүбелі үлесі атап өтілді.

  ww. kaznu. kz



Бөлісу: